• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2017

Уақыт сұранысына сай шешім

491 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың биылғы 25 қаңтарда жариялаған билік тармақтары арасында өкі­леттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуінде айтылған жағдаяттар заман талабымен сәтті үндеседі. Ол мемлекеттік басқару жүйесін уақыт сұранысына сай құруды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан басшысы тарапынан ұсынылған бірқатар саяси реформалар мен құқықтық жүйе­ні жетілдіру тұрғы­сын­дағы қадамдар Еуропа мемлекеттерінен қол­дау табуда. Өйтке­ні, Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы бет бұрғалы отырған мем­лекеттік басқару жүйесі Еуро­па елдеріне жат емес. Бұл жүйе мемлекеттік міндеттерді лайықты орындауға мүмкіндік береді. Осылайша, Президент Н.Назарбаевтың саяси жаң­ғырту жөніндегі бастамалары еуропалық стандарттарға сәй­кес, көп деңгейлі мемлекеттік бас­қаруды дамытуға бағытталған маңызды шешімдер ретінде бағалануда. Ласло МАРАШ, Амстердам универси­теті­нің профессоры (Голландия), Л.Н.Гумилев атындағы Еу­ра­зия ұлттық универ­си­теті­нің құрметті профессоры * * * Жақында Қазақ­стан­да саяси жүйені реформалау жөнінде бастама көтерілді. Бұл қадам елдің орнықты дамуын нығайта түсетіні сөзсіз. Осынау мәлімдеме Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан жасалды. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нағыз Мемлекет басшысы екенін білдіреді. Жаңа Қазақстан демокра-тия­лық үдерістерді одан әрі дамыта түсуге ниетті. Осы орайда, қолға алынған бұл нақты жобада Пре­зиденттің әлеуметтік-эконо­микалық үдерістерге қатысты бірқатар өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке беру көзделген. Бұл өз кезегінде Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейтеді. Прези­дент осы қадам арқылы Үкіметтің халық алдындағы жауап­кер­шілігін арттыруды қалайды. Үкімет­тің және жергі­лікті атқарушы органдар­дың, жауапты тұлға­лардың ел алдындағы жауапкершілігінің арта түсуі Қазақстанды одан әрі нығайтады. Конституциялық Кеңес­тің, сот жүйесінің және проку­ра­ту­раның қызметін жетілдіре түсу бұл үдерісте үлкен маңызға ие. Сон­дай-ақ, Үкімет пен Парла­мент рөлінің күшеюі, саяси жүйенің мейлінше демократиялануы Қазақстанды «ашық үкімет» құруға алып келеді. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағытты таңдағанын толық қолдаймын. Өйткені, бұл қадам Қазақстанның орнықты дами беруіне негіз болады. Ахлак Ахмед УСМАНИ, NDTV телеарнасының сарапшысы (Үндістан) * * * Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған сая­си реформалар ел дамуының тарихи тәжірибесін ескеріп, саяси жүйенің орнықтылығын арттыратынына және осы заманғы қатерлерге қарсы тиімді әрекеттер жасай алатынына сенімдімін. Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев әлі де өзінің қарауына ұлан-ғайыр өкілеттіктерді қал­ды­рып отыр. Мәселен ол, сыртқы саясат мәсе­ле­лері мен әлеуетті күш­тер ведомстволарына бақылау жасауды өзінің өкілеттігіне қал­дырды. Бұл күтілген шешімдер еді, алайда, Президенттің Жұ­мыс тобының ұсы­ныс­тарына аса жедел уақытта жауап бергендігі таң қалдырады. Ұсынылған реформалар енді Қа­зақстандағы билік жүйесін супер­президенттік республикадан (де-факто) парламенттік-прези­дент­тік жүйеге (де-юре) ауыстыруды көздейді. Осы жаңалықтар Пре­зиденттің 31 қаңтарда Қазақ­стан халқына жариялаған жаңа Жолдауында да көрініс тапқан. Андрей РУСАКОВИЧ, «Сыртқы саясат және қауіпсіз­дікті зерттеу орталығы» қоғам­дық бірлестігі бас­қар­ма­­сының төрағасы (Беларусь)
Соңғы жаңалықтар