• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2011

Месси құны 250 млн. еуро

363 рет
көрсетілді

Мына суретте әлемнің екі мәрте үздік фут­болшысы, Аргентина құрамасы мен Ис­па­ния­ның «Барселона» командасының ойын­шысы Лионель Мессидің қорғаушылардың жаурынын жерге тигізіп, алдап бара жатқаны түсірілген. Жақында «Барселонаның» ежелгі қарсыласы Мадридтің «Реал» клубының президенті Флорентино Перестің атақты аргентиналықты мау­сымаралық үзілісте сатып алу үшін 250 млн. еуро көлемінде қаржы жұмсайтыны ту­ралы айт­қан пікірі футбол десе жарғақ құлағы жастыққа тимейтін миллиондаған жанкүйер­лерге жетті. Футбол ғана емес, спорт тар­и­хында осыншама сомаға әлі ешкім ешқандай спортшыға ақша төлеп көрген емес. Ал Месси болса, бұл ауысуға мүлдем қарсы емес екенін, оның есесіне өз командасының қыруар қаржы алып, қордаланған пробемалардан құтылаты­нын айтып отыр. Айтайын дегеніміз, адамның бойындағы табиғи талант пен еңбекқорлығын ерекше бағалайтын елдерде дарынды азаматтар көптің арасынан осындай жолдармен де суырылып шығады. Дастан КЕНЖАЛИН.