• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2017

Тікелей құйылымдар төрт есе өскен

327 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының Жол­дауын жүзеге асыруға арналған баспасөз-мәслихатын өткізді. Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр көлік-логистика әлеуе­тін, құры­лыс саласын және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын дамыту бойынша Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі министрліктің жоспарлары туралы айтты. Р.Склярдың айтуынша, «Нұр­лы жол» мемлекеттік бағдар­ламасы бойынша 2017 жылы 4,4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіледі, оған 100 мың адам тартылады. Жыл соңына дейін 600 км жол пай­далануға беріледі. Биыл Бейнеу – Ақтау, Алматы – Талдықорған, сондай-ақ, Астана – Павлодар автожолдарының жеке­­леген учаскелері іске қосыл­са, Орал – Каменка, Ақтөбе – Аты­рау, Қордай асуын айналып өте­тін жолдар толық аяқталады. Республикалық бюджет қар­жы­сына ұзақтығы 1 мың шақы­рымнан асатын жаңа 8 жобаны бас­тау көзделіп отыр. Бұлар – Бей­неу – Ақжігіт, Қостанай – Де­нисов, Щучье – Зеренді, Оси­нов асуы, Таскескен – Бақты, Үш­арал – Достық, Астананы ай­на­­лып өтетін Оңтүстік – Ба­тыс, Қал­ба­тау – Майқапшағай жоба­ла­ры. 2020 жылға дейін 6 мың ша­­қы­­рым жолда ақылы жүйе ен­гі­зіл­се, оның ішінде 2017 жылы 700 шақы­рым жол ақылы бола­ды. Жоспар бойынша ақылы жол­дардан 2020 жылға дейін жыл сайын 30 млрд теңге жиналып отыратын болады. 2017 жылы республикалық бюджет есебінен Астана – Темір­тау, Алматы – Қапшағай және Дү­­­ние­­­жүзілік банк займдары есе­­бі­­нен Алматы – Қорғас жол учас­­­ке­лерінде ақы қабылдайтын жү­­йе­лер орнату көзделіп отыр. Жү­йе­­лер биылғы қараша айы­нан бас­тап сынақтан өткізіле бастайды. Автожолдар бойындағы жүр­гін­шілерге қызмет көрсететін ин­фра­құрылымдар сапасына ерек­ше көңіл бөлінетін болады. Қазір­гі уақытта республикалық маңыз­дағы жолдардың бойында әртүрлі қызмет көрсететін 2 мыңнан ас­там нысан бар. Олар көбіне ірі елді ме­кен­дердің маңына жақын орна­лас­қан. Р.Склярдың айтуы бо­йынша, мұндай нысандардың әзір­ге тек бестен бір бөлігі ғана 2015 жылы қабылданған ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. Вице-министр сөз арасында жергілікті автожол желілерінің 34 пайызы қанағаттанғысыз жағдайда екендігіне тоқталып өтті. Ал мұндай жолдар қатары Батыс Қазақстан облысында 72 пайызды, Ақтөбе облысында – 52, Атырау облысында – 51, Солтүстік Қазақстан облысында 45 пайызды құрайды екен. Жер­гі­лікті жолдар бойынша жылы­на орташа алғанда шама­мен 2 мың шақырым жол жөнде­леді. Бұл республикалық желі­мен салыстырғанда 3 есе төмен. Осыған байланысты вице-ми­нистр әкімдерге өз аймақ­тарын­дағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты. «Барлық ресурстарды тұр­ғын үй құрылысы саласына шоғыр­ландыру үшін бірыңғай «Нұр­лы жер» бағдарламасы қабыл­данғаны белгілі. Оның аясында осы уақытқа дейін 1,5 млн бас­пана салынып, іске қосылды. 2017 жылы мұндай тағы 100 мың бас­пана салу жоспарланып отыр», деді сөзінің соңында Р.Скляр. Министрліктің Инвестиция­лар жөніндегі комитетінің төр­ағасы Сапарбек Тұяқбаев ин­вес­тиция тарту саласының қазір­гі жай-күйі мен келешектегі құ­ры­лымы мәселелеріне тоқтал­ды және инвесторларды тарту жөніндегі жаңа тәсілдерді енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2016 жылдың 9 айында тікелей инвестициялар көлемі осының алдындағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп, 12,3 млрд долларды құрады. Биылғы жылғы маусым айы­ның аяғына дейін Дүние­жүзі­лік банкпен бірлесе отырып, елі­міздің Инвестицияларды тарту жө­ніндегі ұлттық стратегиясы әзір­лен­бек. Онда мемлекеттік орган­дар, ұлттық компаниялар, дип­ло­матиялық өкілдіктер үшін ин­вестиция тартудың индика­торлары енгізілетін болады. С.Тұяқбаев ақпан айының соңына дейін инвестиция жөнін­дегі «Кazakh Invest» ұлттық ком­паниясының құрылатынын хабар­лады. Бұл жаңа компания ел Үкіметі атынан ірі инвесторлар және халықаралық трансұлттық корпорациялармен «бірыңғай келіссөз жүргізуші» ретінде іс-қимыл жасайтын болады. Ол өз қызметіне сәйкес шетелдік өкіл­діктер мен филиалдардың ауқымды желісімен қамтылады. Компания инвесторларға қажетті қызметтерді атқарумен шұғыл­данады. Қажетті ақпараттар­мен танысудың әуре-сарсаңын жеңілдететін болады. «Бір тере­зе» қағидаты бойынша ин­вес­тициялық жобалардың жүзе­ге асуына қолдау көрсетіп, туын­даған мәселені жергілікті жерде шешу, АЭА мен инфра­құрылымды дамытуды басқару ісімен шұғылданады. Инвестиция комитеті төр­ағасы­ның айтуынша, биыл сәуір­де ЭЫДҰ-ның Инвестиция жө­нін­дегі комитетіне кіру жұмыс­тары аяқталатын болады. С.Тұяқбаев Президенттің тран­с­ұлт­тық компанияларды тарту­ға қатысты айтқан сынынан қорытынды шығарылатындығын, Мем­лекет басшысының инвес­тор­лармен келісімдерін жүзе­ге асыру және оны мони­торин­гі­­леу шаралары күшейтіле­тін­дігін, қазіргі күні шетелдік инвес­тор­лардың 200-ден астам бас­тамасы бойынша жұмыстар жүр­гіз­ілу­де екенін айтып өтті. Бұ­дан бөлек, салалық мемле­кет­тік орган­дармен, облыс әкім­дік­терімен және ұлттық компа­ния­л­армен бірге әлеуетті инвес­тор­ларға ұсы­ны­латын жобалар әзірленуде. «Бүгінде министрлік инвес­тор­ларды қолдау үшін «бір тере­зе» қағидаты бойынша жұмыс істей­тін бірыңғай электронды ақпарат­тық жүйені енгізуде. Жоба­ларды жүзеге асыру үшін виза алу, келіссөздер жүргізу сияқты жұмыстар да осы жүйеде көрсетілетін болады», деді ол. «Бұл жүйе қашаннан бастап толық жұмыс істейді?» деген сауа­лы­мызға қазір жұмыс орталық ор­ган­дар деңгейінде қолға алын­ған­дығын, енді өңірлерде өріс ала бастайтындығын, сәуір айында аяқталып, одан әрі толық мәнінде қолданысқа енетіндігін айтты. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар