• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2017

Тасқынға қарсы шаралар басталып кетті

355 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мә­лі­ме­тін­ше, қазір аймақта тасқынға қар­сы дайындық жұмыстары басталып та кетті. Өйткені алдын алмаса, су тас­қынынан ауылдықтардың әбден зә­ре­зап болатыны рас. Алдыңғы жылы тасқын Баян­ауыл­дағы Ащысу өзенінің көпірін, ауданның 15-тен астам ауыл жолдарын бұзып өткені есімізде. Көпірсіз қал­ған Сәтбаев атындағы және Теңдік, Ұзынбұлақ ауылдарының тұр­ғындары жолдың бейнетін көрді. Кө­пірді күрделі жөндеуден өткізіп немесе жаңадан салу үшін қыруар қаржы қажет көрінеді. Өткен жылы Ертіс өзенінің арнасынан асуынан облыс орталығына жақын Ақсу қаласының ескі бөлігіндегі бірнеше үй ауласымен қоса су астында қалған-ды. Қазір осы жерлерде су тасқынына қарсы бөгетке ұзындығы 600 метр топырақ үйіндісі тұрғызылды. Қазіргі күні 2923 тонна жанар-жағармай, 8 000 тонна инертті мате­риал мен 60 000-ға жуық құм то­лы қап, 140-қа жуық техни­ка мен 400-ден аса маман дайын. Су дең­гейі кө­терілген жағдайда үй­ін­­­­- ді­лер тұрғызылады. Де­­партамент өкіл­дері осы уа­қытқа дейін тас­қын­ның ал­дын алу бойынша өңір­де­гі 200-ге жуық үй­ді ара­лап, қала, ауыл тұр­ғын­да­рына түсіндіру жұ­мыс­­тары жүргізіліпті. Жа­л­­пы, тас­қын­ға қар­сы жұмыс шаралары қар­дың толық еруі ке­зін­де, екіншісі өңір­дегі су қой­маларындағы су мөл­ше­­рі­нің артуы ке­зін­де қолға алы­на­ды. Мысалы, Қарағанды об­лы­сын­дағы Қаратоқа бө­геті аумағынан аға­тын қар суы Баянауылдың Тең­­­дік, ал, Ақмола об­лы­сындағы Сілеті су қой­масынан келетін су Ақ­то­ғай ауданының Шо­ла­қсор ауылда­ры­на қау­іп төн­ді­реді. Шолақсор ауы­­лы тас­қын басталса-ақ, қау­іп­- ­сіз жерге көшіріледі. Қо­й­­мадан аға­тын суды өт­­­кізу мақсатында құ­быр­­лар, қосымша құ­рал­дар да орна­тылды. Құм тол­­­тырылған қаптар да әзір­л­енеді, үйілген тас, то­пырақ та­сиды. Жы­л­да­ғыдай тасқынға дай­­ын­- ­дық шаралары қолға алы­ну­да. Қашыр ауданында да төтенше жағ­дай­лар бө­лімінің мамандары ауыл тұр­­­ғындарына тасқын ке­зін­дегі қау­іпсіздік ере­же­лерін үйретуде. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы