• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2011

Мерген қыздар сайысы

1707 рет
көрсетілді

Облыстық мәдениет басқармасының қол­дауы­мен  Кеңес Одағының Батыры Әлия Мол­дағұлова атындағы облыстық ме­мориал­дық  мұражайы мен «Әлия» патриот­тық орта­лығы  алғаш рет  тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына арнал­ған республикалық «Мерген ару-2011»  пнев­ма­ти­калық мылтық атудан әскери-спорт­тық сайыс өткізді. Ақтөбе мұнай-газ кол­леджінің спорттық кешенінде өткен сайысқа Ас­тана қа­ласы мен Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Маң­ғыстау, Қостанай, Қара­ған­ды, Ба­тыс Қа­зақстан, Шы­ғыс Қазақстан облыста­ры­нан  ко­мандалар қатысты. Әр команданың құ­ра­мын­да алдын ала іріктеу сынынан өткен 4 қыз болды. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — жастарға мәдени және әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, қыздар арасында әскери-қолданбалы спорт түрін да­мы­туды насихаттау. Мергендер сайысына  9-11 сы­нып аралығындағы оқушы қыздар қатысты. Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған сайыс  биыл тұңғыш рет республикалық дәре­же­де өткізілді.  «Мерген ару-2011» респуб­ли­ка­лық сайысына қатысушы командалар мен ша­қырылған қонақтар  Әлия Молдағұлованың ме­мо­риалды кешенінде батыр қыздың рухына тағ­зым етіп, гүл шоқтарын қойды. Сайыстың  арнайы ережесі бойынша,  әр об­лыс өздерінің пневматикалық мылтығы және оқ­тарымен қамтамасыз етілді. Сайыс шарты бо­йын­ша, қатысушылар түрегеліп тұрып, 10 метр қашықтықта оқты нысанаға дәл тигізуі қажет. Сайыс барысында  ең жоғары балл жина­ған Ақтөбе қаласындағы №37 орта мектептің оқу­шы­сы Яна Бадикова «Мерген ару-2011» ата­ғын жеңіп алды. Ақтөбе қаласындағы №6 және №27 орта мектептің оқушылары Дана Есен­ға­зи­на мен Татьяна Зинченко оқ­та­рын  нысанаға мейлінше дәл тигізіп, екеуі де жүлделі екінші орынға лайық деп танылы. Орал­­дық  және маңғыстаулық Надежда Иванова мен Нұрзия Курешова үшінші орынды қанағат тұт­ты. Коман­далық есеп бойынша, ақтөбелік қыздар бірінші, Батыс Қазақ­стан облысының коман­да­сы  екін­ші орынды иеленді. Ас­та­налық қыздарға үшінші орын бұйырды. «Мерген ару-2011» рес­публикалық  сайысының же­ңім­паздары облыстық мәдениет басқармасының құрмет грамо­та­ларымен және бағалы заттай сыйлықтармен марапатталды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.