ОҚО-да 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетпек. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев халыққа есеп беру кездесуі жиынында айтты. Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылы 1,1 трлн. теңгеге жетіп, орташа есеппен нақты көлем индексінің өсімі жыл сайын 2-3 пайыз деңгейінде жоспарлануда.
Бұл көрсеткішке жету үшін Индустриаландыру картасы аясында 2017-2020 жылдары 91 жоба іске қосылуы керек. Оның ішінде 2017 жылы 20 жобаны іске асырылады деп күтілуде. «Елбасы биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа индустриялар құрумен қатар, дәстүрлі өнеркәсіптің басым салаларына ерекше көңіл бөліп отыр. Мұнда бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту міндеттері қойылды. Осы мақсатта, облыс экономикасына 1 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, бірқатар, ірі жобалар жүзеге асырылады»,-деді әкім. Олар, инвестиция көлемі 580 млрд.теңгені құрайтын «Петро Қазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен 5,5 млрд. теңге инвестиция тартылатын «HILL Corporation» ЖШС-нің пайдаланған майларды регенерациялау жобасы. Сонымен қатар, 20 млрд. теңгеге «Шымкентцемент» зауытын жаңғырту, 3,5 млрд теңгеге «Azala Fabric» ЖШС-нің дайын тоқыма бұйымдары өндірісін кеңейту мен инвестиция көлемі 19,8 млрд. теңге болатын «Шымкентская химическая компания» этил трет-бутилді эфирінің және полипропилен өндірісін шығаратын кәсіпорын мен мұнай өңдеу «Standart Petroleum&Co» зауыты. Инвестиция көлемі 21,8 млрд.теңге, іске асыру мерзімі 2020 жыл.
•
17 Ақпан, 2017
ОҚО-да 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетпек
278 рет
көрсетілді