• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2017

Дүниежүзілік бокс сериясы: Жарманов Меликузиевке есе жіберді

207 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» пен өзбекстандық «Ozbek tigers» командалары қолғап түйістірді. Төртінші болып шаршы алаңға 81 килода отандасымыз Нұрдәулет Жарманов пен Бектемір Меликузиев шықты. Алғашқы раундта отандасымыз аздап қобалжыған болуы керек. Аяғы тайып, құлаған сәттері де болды. Алайда, артынан бәрін өз қолына алып, өзбек боксшысын бірнеше рет дәл соққыларымен төмпештеп алды. Бірақ басым бола алмады. Кездесудің екінші үш минутында Меликузиев шабуылдаумен болды. Отандасымыздың олқылықтарын тиімді пайдалана білді. Үшінші раундта да Нұрдәулет Жарманов ойға алған жоспарын жүзеге асыра алмады. Өзбекстандықтың тегеурінді шабуылдарына қарсылық таныта алмады. Өкінішке орай, төртінші кезеңде де Бектемір айқын басымдыққа ие болды. Отандасымыз сүреңсіз ойын көрсетіп, тек қорғанумен болды. Бесінші раундта Нұрдәулет ширағырақ қимылдап, өзбек боксшының қабағын жарып та жіберді. Алайда, соңғы үш минутта адуынды қимылдағанмен, бәрі тым кеш еді. Нокаутпен ғана жеңуі қажет болатын, бірақ бұл ойы жүзеге аспады. Осылайша, боксшыларымыздың арасындағы алғашқы жеңіліс тіркелді.