• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2017

19 ақпанға арналған ауа райы

93 рет
көрсетілді

19 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, оңтүстік өңірлерде қар молынан түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 17-22 м/с құрайды. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал. Түнде Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 25 м/с болады. Қызылорда облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні Ақтөбе облысында 23 м/с-қа артады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің екпіні күндіз 25 м/с артады.