Қытайдың Хэнань провинциясында тұңғыш робот-полицей қызметіне кірісті. Ол Чжэнчжоу қаласының теміржол вокзалындағы күту залын күзетеді, деп хабарлайды lenta.ru.
Робот-полицей өз бетімен берілген ауданды күзетеді, адамдардың бет-әлпетін сканерлеп және ажыратып, жолаушылардың сұрақтарына жауап бере алады. Сондай-ақ ол ауа температурасын анықтап, өрт қаупін ескертеді.
Әзірге робот тестілеу режимінде іске қосылған. Жақын арада оны түнгі мезгілде жұмыс істету жоспарлануда. Себебі түнде күту залында жолаушылар көп болады.