• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2011

Ғарышкерлерге арналған апталық

643 рет
көрсетілді

Ақтөбедегі Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында облыстық планетарий ұжымы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұш­қанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырған «Жұл­дыз­ды 50 жыл» апталығының салтанат­ты ашылуы өтті. Кеште көрермендер наза­рына тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин туралы бейнематериал ұсынылды. Апталықтың ашы­лу салтанатында сөз алған об­лыстық мәдениет басқарма­сы­ның бастығы Нәзира Табыл­динова шараның өткізілуіне сәт­тілік тілесе, ғарышкер-сынақшы, авиация полковнигі, ҚР ҰҒА «ҚазҒарыш» өкілі Айдын Айым­бетов еліміздегі ғарыш саласы­ның дамуын, осы бағытта түрлі жобалар қолға алынып, жобалау мен сынақ жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Сондай-ақ жазушы-фантаст, ТМД Астрономия-геодезия қоғамының мүшесі Жүніс Сахиев жұлдыздарға Те­мір­қазық, Үркер, Сүмбіле деп ат қойған қазаққа ғарыш кеңістігінің таңсық еместігін, топырағынан екі ғарышкер түлеп ұшқан Ақ­төбені ғарышкерлер бесігі деуге болатынын атап өтті. Кешке жиналғандар осы жерде қалалық техникалық шығар­ма­шылық орталығының үйір­ме­сіне қатысушылардың қолынан шық­қан түрлі жұмыстарды тама­ша­лады. Биыл КСРО-ның ұш­қыш ғарышкері, Кеңес Одағы­ның Ба­тыры В.Пацаевтың ға­рыш­қа ұш­қа­нына 40 жыл, бірінші тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқ­тар Әу­бәкір­овтің ұшқанына 20 жыл, жерлесіміз, В.Пацаев атын­дағы жас ұш­қыштар мектебінің түлегі Юрий Лончаковтың алғаш ғарышқа ұш­қанына 10 жыл, ұлты­мыздың мақ­танышы, қазір Ұлттық аэроға­рыш агенттігінің төрағасы, ұшқыш-ғарышкер, Ха­лық қаһар­маны Т.Мұ­сабаевтың үшінші рет ұш­қа­нына 10 жыл то­лады. Ап­талық аясында өт­кізі­летін шараларда бұлар да әңгіме өзегіне айналмақ. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.