• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Тіркелдіңіз бе, азамат?

446 рет
көрсетілді

Осыдан бір ай бұрын азаматтарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу мәселесі күн тәр­тібіне шыққан болатын. Се­б­е­бі, өткен жылғы 22 жел­тоқ­сан­да Мем­­лекет басшысы «Қазақ­стан Рес­­публикасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне экстремизмге жә­не тер­роризмге қарсы іс-қимыл мә­с­е­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң­­ға қол қойған соң, ол биылғы 7 қаңтарда күшіне толықтай енген еді. Соған орай осы заң шеңберінде ішкі көші-қон барысын реттейтін бір­қатар заңнамалық актілерге, атап айт­қанда, «Халықтың көші-қоны ту­ра­лы» Заңға, «Әкімшілік құқық бұ­зу­шы­лық туралы» Кодекске, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға, т.б. заңнамалық құжаттарға тиісті өз­герістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер мен толықтырулардың бас­­­ты мақсаты ішкі көші-қон барысын ба­­қылауды күшейту, мониторингілеу екен­дігі түсінікті. Дәл қазіргі кезде елде тір­кел­ме­­ген азаматтардың саны едәуір кө­­рі­­неді. Халыққа қызмет көр­се­ту орта­лық­та­рына жүгінген аза­мат­тар­дың саны ша­мамен 8-9 мыңды құ­­рап отыр, бұл үсті­міздегі жылғы қаң­тар айындағы көр­сеткіштермен са­лыс­тыр­ғ­анда әл­деқайда аз, өйткені, қаң­тар айында күніне 25-40 мың адам түпкілікті және уақытша тіркелген болса, қазір олар­дың саны 3-4 есеге азая түскен. Мұн­дай жағдай азаматтарды өздерінің әлеу­­меттік қолдауларға, бірінші кезек­те, денсаулық сақтау және білім бе­р­у салаларындағы игіліктерге қол­же­­тімділігін айтарлықтай шектейді. Ал тұрғын үйлердің меншік иелері көп жағдайда өздерінің пәтерлерін жал­ға алушыларды тіркемейді. Бұл – олар қолданыстағы заңнаманы бұзып отыр деген сөз. Осылайша, «жасырын көші-қон» мен заңсыз пай­­­­­да табушылар мәселесі түпкілікті ше­­­­шілмеуде. Бір айдан астам мерзімге уақытша тұ­ру үшін келген ішкі көшіп-қону­шы­лар алғашқы күнінен бастап күн­тіз­белік 10 күн ішінде уақытша бола­тын не­месе тұратын жері бойынша тір­ке­луі тиіс. Бұл заңнамалық талаптарды бұз­ған жағдайда, яғни азамат уақытша тұ­­рып жатқан жерінде бір айдан аса уа­­қыт тіркеусіз тұрғаны үшін оған 7 АЕК, яғни 15 883 теңге айыппұл салынады. Осы бұзушылық бір жыл­дың ішінде қайталанған жағдайда айып­пұл 13 АЕК, яғни 29 497 теңге бо­­лады. Пә­тер, тұрғынжай меншік ие­­лері өз пәтерінде тұрып жатқан аза­мат­тар­ды тіркеуге қоймағаны үшін 10 АЕК, яғни 22 690 теңге айыппұл төлейді. Олар же­ке тұлға емес, шағын кәсіпкерлер бол­са, айыппұл көлемі 15 АЕК-ке немесе 34 035 теңгеге, ал ірі кәсіп­кер­лік субъектілері болса, 50 АЕК көр­сет­кішке, яғни 113 450 тең­ге­ге дейін ар­тады. Алайда, заң күшіне енгенімен, айыппұл салына қойған жоқ. Өйткені, айыппұл салу реті әлі де бірқатар нор­ма­тивті-құқықтық актілердің қабыл­да­нуын талап етеді. Сондықтан, бү­гінгі күні азаматтардың уақытша бол­ған жері бойынша тіркеусіз тұруын анық­тау шаралары жүргізіліп жатқан жоқ. Тек наурыз айынан бастап бұл заң бұзушылықтарға жол берген аза­мат­­тарға қатысты әкімшілік шаралар қабылданатындығы ескертілді. Сөй­тіп, үй немесе пәтерді жалға беретін адам­дар онда тұратын азаматтарды тір­кеуі міндеттелді. Ал тұрғылықты және уақытша бол­атын (тұратын) жері бойынша тір­кел­удің еш қиындығы жоқ. Ең бастысы, қажетті құжаттарды тіркеу орнына алып бару керек. Мәселен, ол үшін үй иесінің келісімі, үй иесінің жеке куә­лі­гі, тіркелушінің жеке куәлігі жә­не тір­келу үшін 226,9 теңге баж са­лығын төле­гені туралы түбіртек қа­жет. Соны­мен қатар, тіркелетін үй ие­сінің өзі ке­луі шарт немесе оның но­тариус куәландырған сенімхаты қа­жет. Бұдан бас­қа, биылғы жылғы 17 қаң­тардан баст­ап электрондық үкімет пор­талы ар­­қылы уақытша болатын (тұ­ратын) же­рі бойынша тіркелу мүм­кіндігі ту­ды, яғни электронды ци­фрлық қолы бол­ған жағдайда, азамат электрондық үкімет порталына жү­гіне алады. Осындай түрлі жеңілдіктерге бай­ла­­нысты бүгінде азаматтарды тұр­ғы­­­лықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу ба­­­рысы қайта қарқын ала бастады. Биыл­ғы 7 қаңтардан, яғни заң күшіне ен­­ген күннен бастап 14 ақпанға дей­ін­­гі мерзім ішінде 876 969 азамат тір­­­­келген, олардың 392 191-і тұр­ғы­лық­­ты жері бойынша, ал 484 778-і­ уа­­­қытша болатын (тұратын) жері бой­­ы­нша тіркелген. Соның ішінде тір­­келген азаматтар санының басым бө­­­­лігі – Алматы (165 229), Астана қа­ла­­­ларына (132 104), Алматы (82 130), Оң­түстік Қазақстан (71 364) және Шы­ғыс Қазақстан облыстарына (62 915) тиесілі болып отыр. Ал сіз тіркелдіңіз бе, азамат?

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»