АҚШ президенті Дональд Трамп ел экономикасын алға сүйреу мақсатында "бір долларға дейін үнемдейтінін" айтты, деп жазады rosbalt.ru.
Президенттің айтуынша, соңғы сегіз жылда сыртқы қарызы еселеп өскен АҚШ енді мемлекеттік қарызын ретке келтірмек. Сонымен қатар Ақ үй басшысы сайлауалды бағдарламасында айтқан барлық уәдесін орындау үшін бюджет саясатын қайта дайындамақ.
«Соңғы сегіз жылда сыртқы қарыз екі есеге өсті. Бізді үлкен жұмыс күтіп тұр", - деді Дональд Трамп.
Алайда, сарапшылар алдағы уақытта Трамптың бюджет саясаты Америка экономикасының ең қиын кезеңдерін еске түсіретінін айтады.
«Біз аз ақшаға көп жұмыс бітіруіміз керек. Қаржыны барынша үнемдеуге көшеміз", - деді президент.
Айта кетейік, 2009 жылдан бері АҚШ-тың федералды қоры 10,6 тлрн доллардан 19,4 трлн долларға көбейді.