• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Райан Барнетт Жанат Жақияновты жекпе-жекке шақырды

201 рет
көрсетілді

Солтүстік Ирландияның жеңіл салмақтағы боксшысы Райан Барнетт (15-0, 9 КО) WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновқа (27-1, 18 КО) қарсы айқасқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы vringe.com хабарлады. «Бір кездері Жақияновпен Хэттонның залында жаттыққанмын. Шаршы алаңда оған қарсы тұру оңай еместігін байқадым. Сол себепті Жанатпен кездескісі келмейтіндердің қатары аз емес. Бірақ мен онымен жаттығуда емес жұрт алдында күш сынассам деймін. Оны жеңуге қабілетім жеткілікті деп ойлаймын», – деді 24 жастағы боксшы. «Адам Буттың қол астында жүріп біраз нәрсені үйрендім. Уақыт созбай Жанат екеуіміз жұдырықтассақ деймін», – деді ол. Жақиянов бірер апта бұрын америкалық Роуши Уорренді төрешілердің шешімімен жеңіп, WBA (Super) және IBO белбеулерін иеленген. «Райан екеуіміз бұл жөнінде сөйлестік. Ол расымен де қазақстандық боксшымен жұдырықтасқысы келеді. Рингте қандай қиындықтарға тап болатынын да жақсы біледі. Бірақ өз күшіне сенімді болғаннан кейін Жанатты ашық түрде жекпе-жекке шақырып отыр», – деді Барнеттің жаттықтырушысы Адам Бут.