• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Галина Вишневская алтын медаль жеңіп алды

249 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын түсті. Биатлоннан 10 шақырым қашықтықта із қуу жарысында Галина Вишневская Азиада ойындарындағы тағы бір алтын жүлдесіне қол жеткізді. Бұл сында екінші орынға қытайлық Ян Чжан ие болса, қола медальді тағы бір отандасымыз Дарья Усанова місе тұтты. Айта кетейік, кеше ол спринттік жарыста (7,5 км) да топ жарған.