• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Рейхерд қола жүлдеге қол жеткізді

110 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында ел қоржынына кезекті қола жүлде түсті. Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд жұптық могул жарысында үшінші орыннан көрінді. Бұл сында жапониялық Икума Хоришима үздік атанса, оның отандасы Даичи Хара күміс жүлдеге ие болды. Айта кетейік, дәл осы сында қыздар арасында Юлия Галышева алтын жүлдегер атанған. Бүгін сондай-ақ, биатлоншыларымыз Ян Савицкий екінші орыннан көрінсе, Галина Вишневская кезекті алтынды салды.