27 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр.