Кеше Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауындағы Мемлекет басшысының шетел инвесторларын тарту бойынша тапсырмаларын іске асыру аясында инвестициялық саясатты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеңес барысында инвестиция тарту, инвестициялық стратегияны әзірлеу, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясын құру саласында жаңа тәсілдер дайындау мәселелері қарастырылды.