• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2017

Жемқорлықпен күреске дін өкілдері атсалысады

133 рет
көрсетілді

Жемқорлықпен күреске дін өкілдері мен қоғамдық ұйымдар да атсалысады, деп жазады Хабар24. Бұл жайында «Жемқорлыққа жаппай қарсылықты қалыптастыруда руханият пен адамгершілік» атты дөңгелек үстелде айтылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл бастаманың нәтиже беретінінен үмітті. Елімізде 3 жарым мыңға жуық діни бірлестік бар. Ал мешіттер саны 2,5 мыңға жеткен. Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың зиянын халыққа діни тұрғыдан түсіндіру керек. Осылайша мемлекет дамуын тежейтін ауыр кеселдің тамырына балта шабуға болады, дейді мамандар. "Бүгінгі отырыстан кейін, менің ойымша, бір құжат қабылданып, ол діни бірлестіктер арқылы, дін мәселесімен айналысатын министрлік, агенттік бар солар арқылы халықпен жұмыс істеледі", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов. "Жемқорлыққа қатысты қасиетті Құранда айтылған, Пайғамбарымыздың хадистерінде қатты ескертілген. Жалпы біздің дінімізде харам деп белгіленген. Яғни үлкен күнәға жатады. Пара беруші де, пара алушы да, ортадағы адам да. Ислам діні оны қаралайды. Тыйым салады", - дейді Астана қаласының бас имамы Наурызбай Тағанұлы.