• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2017

Азиада-2017: Биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

151 рет
көрсетілді

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат. Жерлестеріміз жүлдеге биатлоннан өткен аралас эстафета (2×6 км - әйелдер, 2×7,5 км -ерлер) ие болды. Бұл бүгінгі қоржынымызға түскен алғашқы медальдар. Алда тағы да бәсекелер күтіп тұр. Жеңімпаздардың көрсеткіштері: 1. Қазақстан (Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий) - 1:15:40.3 (1+5 0+7) 2. Қазақстан (Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов, Антон Пантов) - +14.2 (0+3 0+6) 3. Жапония - +2:44.8 (1+6 0+7).