Boeing 2018 жылы Англияның солтүстігіндегі Шеффилдте зауыт ашады. Ол компанияның Еуропадағы алғашқы зауыты болмақ, деп хабарлайды abctv.kz.
Құрылысына 25 млн доллар жұмсалатын жаңа зауытта ұшақтың қосалқы бөлшектері шығарылады.
«Ұлыбританияда бағалы компоненттер өндірісін ашу – Boeing-тің ынтымақтастықта сапалы өзгерісінің және осында даму жоспарларының айғағы», – деді Boeing Europe президенті Майкл Артур. Boeing-тің Ұлыбританияда 2 мың қызметкері бар, алайда олар өндірісте жұмыс істемейді, деп атап көрсеткен Bloomberg.