• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №166

710 рет
көрсетілді

2011 жылғы 25 наурыз, Астана қаласы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныпталуы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С.Сағынов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. «Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалану кезінде жұмыстарды сыныптау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2938 тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешенді салу комитеті төрағасының 2004 жылғы 14 маусымдағы №89 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді. Министр Ә.ҚҰСАЙЫНОВ. Қазақстан Республикасы  Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №166 бұйрығымен бекітілді Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау (бұдан әрі – сыныптау) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді. 2. Сыныптау жол-жөндеу жұмыстарының кө­лем­дерін негіздеу және оларды орындау үшін рес­пуб­ликалық және жергілікті бюджеттерден бөліне­тін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қол­данылады. 3. Осы Сыныптауда мынадай анықтамалар қол­данылады: 1) жол жамылғысы – бұл автокөлік құрал­дарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін автомобиль жолдарының бөлін­ген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы. 2) автомобиль жолдарын маршрутты жөндеу тәсілі – бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою және ұзақтығы 500 метрге дейінгі учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, ағымдағы жөндеу есебінен маршрут бойынша орындалатын жөндеу іс-шараларының кешені. 3) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі – бұл жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен бай­ла­ныс­ты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең. 4) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі – бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қар­қын­дылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін ұқсас сапаларын орнына келтірумен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі. 5) автомобиль жолдары мен жол құры­лыс­тарын пайдалануды басқару – бұл үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының страте­гия­сын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін іс-шаралар кешені. 6) автомобиль жолдарының жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде мүмкін болатын антропогендік өзгерістердің жай-күйін қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі. 7) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде автомобиль жолдары мен жол құры­лыс­тары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдерді және бас­қа­ратын ықпал етулер кешені. 8) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табы­латын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы автомобиль жолдарын бас­қару қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. 9) зияткерлік көлік жүйесі (ИTЖ) – автомобиль жолдарын әкімшілік-шаруашылық басқару тап­сыр­маларын қызметтік және ақпараттық деңгейде шешетін, ғаламдық қызметтер мен үде­ріс­терді құрайтын интеграцияланған мәлі­мет­терді жинау, өндеу және сақтауды; ақпараттың орталық­тан­ды­рылған интеграцияланған массивтерін қамтамасыз ететін, интеграцияны қолдан­балы бағдарламалық қамтамасыз ету және енгізуді қамтамасыз ету мәліметтерін басқару, бір­ыңғай бизнес-ережелер бойынша мәліметтерді түзету және қол жеткізу, шаруашылық-өндірістік есептерді жүргізу жүйе­сін, өзінің ішкі сәу­леттілігі, қызметтері, үдерістері және жоғары санаттағы автомобиль жолдарында көлік құрал­дарының қажетті өткізу қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәліметтері бар жол қозғалысын басқару жүйесін қамтамасыз ететін, өз құрамында Жүйені Басқару Орталығы бар жол қозғалысын басқару мен жол жүру үшін ақы жинау және қозғалысты басқару кешені. 10) жол жүру үшін төлем ақы алу жүйесінің бағдарламалы-аппаратты кешені – жол жүруге төлем ақы алу үшін арналған автомобиль жол­дарының жабдықтар, бағдарламалық қамтама­сыз ету және элементтер жиынтығы. 4. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жол­дары мемлекеттік меншік болып табылады. Олар есептік жылдамдықтары бар көлік ағынының тәулік бойы, жыл бойы, үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысын қамтамасыз ету үшін арнал­ған. Олардың құрамына мыналар кіреді: бө­лін­ген белдеулер, жолдардың құрылымдық эле­менттері, жол­дар­ды жайластыру және абаттан­дыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өт­кіз­гіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жол­дар, қорғау галереялары, жол қозғалы­сы­ның қауіп­сіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құ­рыл­ғылар, орман алқаптары, гүлзарлар, гүл бақ­тары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаш­тар, мем­лекеттік меншік болып табылатын желілі тұр­ғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қыз­мет­терінің кешендері, сондай-ақ, жол жүру үшін ақы алу жүйесі және зияткерлік көлік жүйесі (ИТЖ). 5. Автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау мате­риал­дары негізінде белгіленген өткізілетін жөн­деу іс-шараларының түрлеріне және жол-жөндеу жұ­мыс­тарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді. 6. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағым­дағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері жол саласында қолданылатын осы жұмыс түрлерінің нормативтік-техникалық құжаттарының талап­тары­на сәйкес орындалады. 2. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару 7. Автомобиль жолдары мен жол құры­лыс­тарын пайдалануды басқару өзіне келесі ұйым­дық және реглементтік іс-шараларды енгізеді: 1) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын диагностикалау және мониторинг жүргізу; 2) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау; 3) көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жай­лылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 4) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау; 5) алдыңғы қатарлы тәжірибе және ғылым мен техникаға қол жеткізу негізінде автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру; 6) технологияны жетілдіру және автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру; 7) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­та­рын пайдалануды басқару жұмыстарын орын­дау­ды ұйымдастыру, басқару, реттеу және бақылау; 8) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарына түсетін жер учаскелеріне құқық бекітетін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу. 8. Автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын диагностикалау мен мониторинг жүргізу іс-шараларының құрамына мына жұмыс түрлері кіреді: 1) жолдар мен жол құрылыстарын оларды кү­тіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) тексеру; 2) жолдар мен жол құрылыстарының техни­ка­лық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-кү­йін бағалау арқылы көзбен шолу және ас­паптық тексеру, жолдар мен жол құрылыстарын паспорт­тандыру; 3) жолдардағы көлік қозғалысының қарқын­дылығы мен құрамын есепке алу; 4) жолдар мен жол құрылыстарының техни­ка­л­ық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес мәліметтер банкісін құру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау; 5) ғылыми-техникалық сараптама және объектілерді инспекциялау, соның ішінде жедел шешімдер қабылдауды талап ететін төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау. 9. Жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау іс-шараларының құрамына мына жұмыстар кіреді: 1) жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау мен жөндеу жұмыстарын негіздеу арқылы көлік­тік-пайдалану жай-күйі туралы мәліметтердің ақпараттық банкін талдау; 2) жолдар желісінің жай-күйін болжамдау арқылы жол-жөндеу жұмыстарының стратегия­сын өңдеу. Жол-жөндеу жұмыстарының ағым­дағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде жолдардың желісін күтіп ұстау жос­парларын құру; 3) жолдар желісін қажетті пайдалану үшін жай-күйінде сақтау және күтіп ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау; 4) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру жә­не жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) шо­ғырланатын жерлерді жою бағдарламаларын әзірлеу. 10. Жолдарда көлік қозғалысының қауіпсіз­дігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету іс-шараларының құрамына келесі жұмыстар кіреді: 1) автокөлік ағындары қозғалысының тәрті­бін оқып-білу, жолдарды белгілеу сызбасын әзірлеу, жол белгілерін дислокациялау, қозғалыс жылдам­дығын реттеу, қозғалысты басқарудың автомат­тандырылған жүйесін ұйымдастыру; 2) ЖКО талдау, ЖКО болған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғылысы қауіпсіздігінің талаптарын жақсарту ұсыныс­тарын дайындау; 3) қозғалыс қауіпсіздігіне қарай аса қауіпті жол учаскелерін анықтау және авариялардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шара­ларды әзірлеу; 4) бөлінген белдеулер шегінде құрылыс жұ­мыс­тарын өндіруді келісу; 5) коммуникациялар мен инженерлік желілері бар автомобиль жолдары мен құрылыстардың қиылысу мен жанасуына техникалық талаптарды әзірлеуді келісу; 6) желілі жол қызметтерінің жұмыскерлерін жолдарда жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне үй­рету­ді ұйымдастыру; 7) жол бойындағы су көздерінде ауыз судың жай-күйіне санитарлық қадағалау жүргізуге келісім жасасу және олардың орындалуын бақылау; 8) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары, соның ішінде, шығарынды көздерінде және аспаптық өлшеу жолымен бақылау нүкте­ле­рінде (постарда) шығарындылардың шекті рұқсат етілетін нормативтерінің сақталуын ба­қы­лауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым­дармен келісім жасасу; міндетті эколо­гия­лық сақтандыру келісімдерін жасасу, қоршаған ортаны қорғау жө­ніндегі іс-шараларының жос­парын әзірлеу, Өн­ді­ріс­тік экологиялық бақылау бағдарламаларын әзір­леу, қоршаған ортаға ық­пал етуін бағалау, ауа­ға шекті рұқсат етілетін нормативтерінің жобаларын әзірлеу, қауіпті қал­дықтардың төлқұжаттарын әзір­леу және олардың орындалуын бақылауды қоса алғанда жол саласы ұйымдарында, жол шаруашылығы объекті­лерін­де және жол бойы инфрақұрылымдарында қор­шаған ортаны қорғау және жай-күйін қадағалау мен жетілдіру. 9) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру жөніндегі өртке қарсы қызметтері ұйымдарымен келісімдер жасасу, өртке қарсы сигнал берулерге, электрмен жарықтандыруға және т.б. жоспарлы тексеру және сараптама жүргізу және олардың орындалуын бақылау; 10) жол бойындағы коммерциялық сервис­тері­нің объектілерін орналастыруды келісу; 11) автомобиль жолдары өтетін аумақтарда ауа-райы болжамы туралы жүйелі ақпаратты алуға гидрометқызметтері ұйымдарымен келісімдер жасасу; 12) боран құбылыстарын қадағалау және қар өлшейтін постыларды өлшеу; 11. Автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу іс-шараларының құрамына келесі жұмыстар кіреді: 1) автомобиль жолдарын пайдалану және оларды қорғау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау; 2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруін келісу; 3) үлкен салмақты көліктердің жол жамыл­ғысы мен жол құрылыстарының сақталуына ықпал етуіне талдау жасау және қолайсыз ауа-райы жағдай­ларында, сондай-ақ, жол жамыл­ғысы жеткіліксіз мықтыланған әлсіз учаскелерде үлкен салмақты көліктердің қозғалысын шектеуді немесе ұйым­дас­тыруды қамтамасыз ету ұсыныстарын әзірлеу. 12. Автомобиль жолдары мен жол құрылыс­та­рын жөндеу мен күтіп ұстау технологиясы мен ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды жөндеу мен күтіп ұстаудың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру және өзектендіру іс-шараларының құрамына келесі жұмыстар кіреді: 1) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану жөнін­дегі нормативтік-техникалық базаны және нор­мативтік-техникалық құжаттарды тексеру, жа­ңар­ту және жетілдіруді қоса алғанда стандарт­таудың және оларды іске асырудың перспек­ти­валы және ағымдағы жоспарларын құру; 2) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жаңа технологияларға, машиналарға және құрал-жабдықтарға хронометражды жұмыстар жүргізу арқылы нормалар мен бағаларды әзірлеу; 3) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын жөндеу мен күтіп ұстау тәжірибесіне енгізу бойынша нұсқаулықтар мен қорытындыларды әзір­леу арқылы технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтар бойынша әлемдік тәжірибеге жә­не ғылым мен техникаға қол жеткізуді оқып-білу; 4) тәжірибелі-сараптамалық, тәжірибелі-құ­рас­тырмалы жұмыстар және жаңа материалдар, құрылғылар, технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтарды сүйемелдеу және енгізу бойынша ғылыми-техникалық сүйемелдеу; 5) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы жұмыс бағдарламалық өнімдерін жетілдіру және оларды жұмыс күйінде ұстау; 6) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарының ұзақтылығын және үнемділігін арттыру мақсатында оларды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы өзекті проблемалар бойынша іздестіру және инновациялық жұмыстары; 13. Автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тары­ның пайдаланылуын басқаруды ұйым­дастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау іс-шараларының құрамына келесі жұмыстар кіреді: 1) автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тары­ның желісін күтіп ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу; 2) жолдар мен жол құрылыстарын кезеңді есепке алу, есептілікті жасау; 3) жолдарды күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және жол-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету; 4) азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлік­терін және жұмылдыру резервтеріндегі қойма­лар­ды сақтау мен күтіп ұстауды қам­тамасыз ету; 5) автомобиль жолдары мен жол құры­лыстарын пайдалануды басқарудың құрылымы мен әдістерін үнемі жетілдіріп отыру. 3. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау 14. Автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын күтіп ұстау жұмыстары жөндеу жұ­мыс­тарын жыл бойы үздіксіз жүзеге асырады. Жолдар мен жол құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында олар­ды көзбен көріп тексеру күн сайын жүзеге асырылады. 15. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүр­гізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет. 16. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжат­та­маны жасауды талап етпейді. Оларды қол­даныстағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақау­лықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды. 17. Автомобиль жолдары мен жол құры­лыс­тарын күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, жолдарды көгалдандыру және өзге жұ­мыстарға бөлінеді. 18. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұ­мыс­тарының құрамына операторлардың айтуы­мен ақпаратты жинау, өндеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кіреді, соның ішінде: 1) бұқаралық ақпарат құралдарын автомобиль жолдарындағы жол жүрулер туралы ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, автомобиль жолдарындағы жол жүрулер туралы, 2) болған ЖКО туралы, 3) тал және тасқын суларды жіберу кезіндегі жұмыстар туралы, 4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы. 19. Автомобиль жолдары мен жол құры­лыс­тарын көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп ұстау кезінде келесі жұмыстар орындалады: 1) автомобиль жолдары мен жол құры­лыстарының жай-күйін және оларды пайдалану ережелерінің сақталуын патрульдік қадағалау; 2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша: су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқысты шығару арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау; жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу; жиектерді жоспарлау, шөптермен себу; шабу және шабылған шөптерді жинау; шабылған материалдарды жинау арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу; материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау. 3)  бөлінген белдеулер бойынша: су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жола­ғын жоспарлау; бөлу жолағындағы қоқысты жинау, оны тиеу және қоқыс төгілетін жерге шығару; шабылған материалдарды жинау арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаш­тарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталар­ды шабу және тамырымен жұлу; бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды және қурайларды жинау. 4) Күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша: жүру бөлігін тазалау және жуу; жарықшақтарды құю; шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұң­қыр­­ларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жамылғы аумағынан орташа 5 %–ға, алайда жөнделетін жол учаскесінің бір км 150 тонна асфальтобетоннан аспайтын жиектерді тегістеу; жүру бөлігін белгілеу; цемент–бетон жамылғыларында жарықшақ­тар­ды жөндеу және толтыру; 5) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша: тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау. жарықшақтарды құю; шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұң­қырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жамылғы аумағынан орташа 5 %–ға, алайда жөнделетін жол учаскесінің бір км 150 тонна қара қоспадан аспайтын жиектерді тегістеу; жүру бөлігін белгілеу; 6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша: төсемді балшықтан тазалау; төсемді сумен шаңсыздандыру; 1 км–ге 100 текше метрге дейін материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау; төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді үю, катундарды жинау. 7) Топарықты және топырақты жақсартыл­ған төсемі бар жүру бөлігі бойынша: пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу; ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүр­гізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары. жолдарды хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру; автомобиль жолдарының кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету. 8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарық­тандыру объектілері бойынша: шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу; жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін қалпына келтіру; сәулет безендірулері мен абаттандыру эле­менттерінің жеке бұзылуларын және ақаулық­тарын жөндеу; автопавильондар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерін сырлау және ақтау, тік және көлдеңен белгілерді түсіру; күркелер, орындықтарды орнату және жөндеу; жаңа материалдар қолданбастан өтпелі, топы­рақты және топырақты жақсартылған төсемдері бар жол бойындағы сервис объектілерінің мемлекеттік меншіктегі демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарын кескіндеу; қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу; автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күр­ке­лерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу; қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау. жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қуіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау, жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын, паромдық өткел­дерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшы­рақ­тарды, сымдарды, кабельдерді, трансфор­матор­ларды және басқа электрмен жабдықтау элемент­терін ауыстыру, радио байланысын, ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін (ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағ­даршам объектілерін, қозғалысты ұйымдас­ты­ру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін бай­ланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қоз­ға­лысты диспетчерлік және автоматтандырып бас­қару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау; қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу, пас­порттағы деректердің талаптарына сәйкес ақы алу жүйесін және зияткерлік көлік жүйесін (ИТЖ), соның ішінде жол бойындағы құрал-жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, Орта­лық басқару пукнтінің (ОБП) ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтарының то­рап­тары мен бөлшектерін жоспарлы жөндеу және ауыстыру; оның кепілдік қызмет ету мерзімі аяқтал­ған­нан кейін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес, ақы алу және зияткерлік көлік жүйелері (ИТЖ), құрал-жабдықтарының шығындалған және тозып қалған бөліктерін, бөлшектерін, элементтерін және тораптарын ауыстыру. жол желілік телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтіру; кабель желілерін, жол жүруге ақы алу жүйесінің және зияткерлік көлік жүйесінің (ИТЖ) техни­калық кешендерін паспорт деректерінің талап­тарына сәйкес, уақтылы қалпына келтіру. 9)  жасанды құрылыстар бойынша: тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету, сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру; жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою; автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің маң­дай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою; автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою; жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүр­гіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау; қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау; су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау; сорғылардан болған деформациялық жіктері­нің су қайтаратын науаларын тазалау; қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшық­тан тазалау; ашық типті деформациялық жіктердің күр­делі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау; жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау; суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту; көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау; сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау; арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау; арқалықтардың тірек тораптарын жуу; тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау; тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу; темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұран­да­маларын тарту; тіректердің бастарын және фермалық алаң­дар­ды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау; конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау; тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу; сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру; байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау; көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру; көпір аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегі, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау; темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау; шағын көпірлер мен құбырлардың аралық­тарын күзде жабу және көктемде ашу; сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары; паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын кү­тіп ұстау және қызмет көрсету; навигациялық жаб­дықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір ал­дындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құ­ралдарды күтіп ұстау және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақ­стан Республикасы Заңының 14-бабының негізінде автомобиль жолдарының көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу. 10) ғимараттар, өндіріс базалары, жол зерт­ханалары және пайдалану қызметінің аула ал­дын­дағы құрылыстары мен қосалқы құрылыс­тары бойынша: жаңа материалдарды қоспастан ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсе­мі бар жол-жөндеу қызметтерінің ғимарат­тарына мемлекеттік меншікте тұрған кіреберіс жол­дар­дың көлдеңенін дұрыс түсіру; ғимараттарды, өндіріс базаларын, жол зертха­на­ларын, аула алдындағы құрылыстар мен қосалқы құрылыстарды жүйелі түрде күтіп ұстау (шатырларын, суағар құбырларын, науаларын, түтіндіктерін тазалау, су өткізу және канали­зациялық құрылғыларды тазарту және басқа жұмыстар), жол қызметі ғимараттарының аула­ларын, үй-жайларын және кіреберіс жолдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау, өрттен қорғау, күзет сигнализациясын, күзет қызметін, диспетчерлік қызметті күтіп ұстау, аумақты жарықтандыру, су, газ, жылу электр жабдықтары, радио байланысты қамтамасыз ету және оларды жұмыс күйінде күтіп ұстау. шыныларды ауыстыру, жеке элементтерін жартылай ауыстыру арқылы су құбырын және кана­лизациялық желіні, байланыс желісін жөн­деу, жылумен қамтамасыз ету, желдетпе, жарық­тан­дыру жүйелерін және электр жабдықтарын жөндеу. 11) қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жата­тындары: көк тайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу; көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау; қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кішкене қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзірлеу; қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерін және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу; жолдарды патрулдік қардан тазалау, жол­дарды қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңістерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою; жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау; жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау; автобус аялдамаларын, павильондарды, дема­лыс алаңдарын және жол қызметі объектілерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау; қар тоқтату үшін автомобиль жолдарының бойынан қар борасындары мен орларын құру; қар көшкініне қарсы іс-шараларды жүргізу; мұз басумен күрес; жол техникасының тұрақтары мен жылыту пункттерін жылумен қамтамасыз ету; тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату; демалыс және мереке күндері ауыр ауа райы жағдайларында жол техникасын, ме­хани­затор­ларды тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру; 20. Автомобиль жолдарын көгалдандыру қар­лы және құмды борасындардан, мүжілуден қорғау және сәулеттік-көркемдік безендіру үшін орындалады. Көгалдандыру өндірістік базалар­дағы орман ағаштарын, жасыл өсімдіктерді, көлік айрықтарындағы гүлзарларды, гүл бақ­шаларын, көгал алаңдарын күтуді, оларды жасау, қалпына келтіру және сәнді безендіруді құрайды. 21. Ағаш отырғызуды күтуге келесі жұмыс­тар жатады: жер қыртысын күту (трактормен культиваторлау, қатарлардағы жер қыртысын қопсыту, арам шөптермен химиялық күрес); орман жолақтарын жырту; шабу; жол бойындағы өсімдіктердегі зиянкестермен және аурулармен күресу; өндірістік базаларда жаңа өсімдіктер отыр­ғызу, қазіргі жасыл өсімдіктерді суару және күту. 22. Ағаш отырғызу, қалпына келтіру және сәнді безендіруге келесі жұмыстар жатады: ағаш отырғызуға жер қыртысын дайындау, сәнді безендіру және көшеттерді өсіру; орман алқаптарын салу және соның ішінде өндіріс базаларын сәнді безендіру; орман алқаптарын толықтыру мен салу және сәнді безендіру; құдықтарды, ұңғымаларды, суаратын су құбырларын және құрғату орларын салу. 23. Айрықтардағы гүлзарларды, гүл бақша­ла­рын, көгал алаңдарын және сәнді өсімдіктерді күтуге келесі жұмыстар жатады: жер қыртысын дайындау; көшеттерді өсіру; отырғызу, суару және отау; арам шөптерді жинау; күзде біржылдық өсімдіктерді жинау. 24. Өзге жұмыстарға жататындары: жолдар мен жол құрылыстарын күзеттік және өрт күзеті; жолдардың жай-күйін және жол жүруді анықтау мақсатында жолдарды патрульдеу, ұсақ жұмыстарды орындау (жол белгілерін түзету, жүру бөлігі мен жиектерден жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөтен заттарды жинау), жолдарда жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету; жол бойы жолақтарында уақытша тыйым салынған өсімдіктермен және зиянкестермен химиялық және механикалық күрес. 4. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын ағымдағы жөндеу 25. Ағымдағы жөндеу жолдар мен жол құрылыстарын бұзылулардан алдын алу және түзету жұмыстарын орындауды көздейді. Қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жол­дарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаул­ықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді. 26. Автомобиль жолдары мен жол құрылыс­тарын ағымдағы жөндеу кезінде келесі жұмыс­тар орындалады: 1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша: жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, қор­ғаныс, бекіту және реттегіш құрылыс­тарының жеке бұзылуларын түзету; жеке учаскелердегі 1 километрде көлемі 100 текше метрге дейін көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді себу, кесу және жоспарлау; материалдарды қосу арқылы себу бермдерін жоспарлау. 2) жол жамылғылары бойынша: жарықшақтарды, шұңқырларды бітеу, сорап­тарды жою, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді жою, жиектерді тегістеу, жолдың жөнделетін учаскесіндегі бір км төсемнің аумағынан 5 % жоғары төсемнің барлық типтерінде жеке жиектастарды алмастыру; иірім учаскелерді, отырыңқы жерлерді, со­рап­тарды және шұңқырларды жою жұмыс­тарын жоспарлау кезінде жұмыстар көлемі автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті санында жолдарды көктемгі және күзгі тексеру нәтижелерінің мәліметтеріне сәйкес қабылданады; соның ішінде монолитті цемент-бетон төсем­дері бойынша: сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цемент-бетон төсемдері тақталарының сынық­тары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерін беттік бұзылулардан қорғау; соның ішінде жиналмалы темір-бетон төсем­дері бойынша: темір-бетон төсемдеріндегі жіктерді жөндеу және толтыру; жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақта­лардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдерді беттік бұзылулардан қорғау; соның ішінде битуммен өнделген төсемді қоса алғанда, шағылтасты және қиыршықтасты төсемдер бойынша; еленділерді және ұсақ қиыршықтастарды себу; 1 километрге 200 текше метрге дейін жаңа материалдар қосу арқылы жеке учаскелерде қиыршықтасты және топырақты жолдардың қапталдарын түзету; 3) жасанды құрылыстар бойынша: кішкене бұзылуларды, құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тос­қауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, ті­реуіш­тер, дуал қабырғалары, құрғату құрылғы­лары және т.б.) түзету; көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау; құрылғылардағы жарықшақтарды бітеу, қа­лаң­дыларды, сылақтарды жөндеу, тойтар­ма­ларды жекелеп алмастыру; орлар арқылы өтпелі және көшпелі көпір­лерді ауыстыру және түзету; аспалы көпірлердің, паромдық өтпелердің және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптама­ны жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету); көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу; өтпелі тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау; деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу; деформациялық жіктердің ағуын бұранда­маларды тарту арқылы жою; деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю; сырғанау тақталарының деформациялық жіктерін дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетіспейтін серіппелерді орнату; деформациялық жіктердің механизмдері мен құрылғыларын ұсақ жөндеу; деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру; аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу; аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу; бекіткіштердің бетон тақталары арасындағы жіктерге цемент ерітіндісін құю; құбырлардың бөліктерін, бастарын, құлама қанаттардың, арналардың кіріс және шығыс бекіткіштерінің жеке бұзылған буындарын ал­мас­тыру және жөндеу және құбырлардың науа­ларын түзету, тас ұзын ырғаларын қалпына келтіру; құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөліктері арасын­дағы жіктерді бітеу; үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою; үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою; тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу; элементтерді шіріктен тазалау, тақтайларды, ағаш көпірлердегі төсеулерді алмастыру; жеке тойтармаларды алмастыру, темір аралық құрылыстар элементтерінің ұсақ ақаулықтарын түзету. 4) жол ғимараттары, өндіріс базалары, жол зертханалары, пайдалану қызметінің аула алдын­дағы құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша: 1 километрге 100 текше метрге дейін жаңа материалдар қосу арқылы ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол-жөндеу қызметтерінің ғимараттарына мемлекеттік меншікте тұрған кіреберіс жолдарды жөндеп кескіндеу; сылақтарды түзету, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер және сол сияқтыларды сырлау және ақтау; түсқағаздарды жабыстыру және ауыстыру, шыны­ларды салу, жеке элементтерін жартылай алмастыру арқылы қалқаларды, қабырғаларды, төбелерді, шатыр­ларды, аралықтарды, терезелер, есіктер, пештер, құдық