• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Берсең, балаға бер

865 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында Алғыс айту күніне орай дайындалған жаңа мультфильмнің балаларға арналған қайырымдылық көрсетілімі өтті. Іс-шара, «Нұр Отан» партиясының, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қолдауымен ұйымдастырылды. 2016 жылғы 14 қаңтарда Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің №173 Жарлығымен елі­мізде 1 наурызда тойлана­тын Қазақ­стан халқы Ассам­блеясы­ның құрылған күнін «Алғыс айту күні» деп жариялаған еді. Осыған орай ҚХА тарапынан қайырымдылық игі шаралар өткізу үрдіске айналып келеді. «Берсең, балаға бер» деп халықтың болашағы саналы ұрпақ деп білген халқымыз ел ертеңі баланың бақытты балалық шағына көп көңіл бөлген. Аталған қайырымдылық көр­сетілімі: ата-ана қамқорлы­ғынан айырылған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы балаларына арналды. Сондай-ақ, іс-шара­ға «Алматы қаласының психо­неврологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күн­діз болу орталығы» КММ бала­лары, тұрмысы төмен отба­сы­нан шық­қан балаларға ар­нал­ған №10 ЖББ мектеп-ин­тер­нат тәр­биеленушілері, «Үміт» балалар үйінің балалары мен сөйлеу қабілеті өте нашар бала­ларға арналған №9 ар­найы (түзеу) мектеп-интер­на­ты­ның тәрбие­ленушілері де қатыс­тырылды. Жаңа мультфильмді 2 сеанс­пен барлығы 200 бала тамашалады. Көрсетілімге кірер­де балаларға попкорн мен түрлі сусындар таратылды. «Мұнда келген өскіндер керемет әсерге бөленіп қайтты. Жүздері бал-бұл жайнап, қуаныш сезім­дерін бір-біріне жеткізіп мәз-мей­рам. Басқалар сияқты ата-ана құша­ғының жылуын сезіне алмай­тын тағдырлы балалардың қуан­ғанын көргенде еріксіз жүре­гің жылиды», – дейді «Алатау» кинозалының жетек­шісі әрі шараны ұйымдас­тыру­шы­лардың бірі Рита Халелқызы. Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің балаларға арнал­ған сыйлықтары таратылды. Арман ОКТЯБРЬ, журналист АЛМАТЫ