• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Жеделдете жүргізуге ықпалын тигізеді

184 рет
көрсетілді

Қазақстан Прези­денті халыққа арна­ған Жол­дауында Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруын жүзеге асыру аясындағы негізгі бес басым­дықты атап көрсеткен бола­тын. Мен соның біреуіне тоқталғым келеді. Н.Назарбаев мырза Қазақстан экономикасын дамыту барысында цифрлы технологияларды ен­гізуге күш салуды ұсынды. Осы орайда, Сингапур үкіметі де ал­дыңғы қатарлы ақпараттық тех­нологияларды дамыту мен оны қолданысқа енгізуге айрықша назар аударатынын атап өткен жөн. Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қаты­настарды, сонымен қатар, бұл елде құрылыс саласының қарқын алғанын ескере отырып, Сингапурдың аса ірі инжинирингтік ком­паниялары Қазақ­стан тарапына сингапур­лық CORENT жүйесінің (Construction Real Estate Network) үлгісін­дегі ақ­параттық телекоммуни­ка­ция­лық технологиялардың көмегі­мен құрылыс индустриясын жаң­ғырту мүмкіндігін ұсынуға әзір. CORENT жүйесі мемлекет­тік қызмет көрсету процесін оңтай­лан­дыруға, атап айтқанда, қажетті құ­жат­тар тізімі мен оны қабылдау мер­зімін қысқартуға, құжаттарды қо­­сар­лау рәсімін алып тастауға кө­мек­теседі. Бұл жүйені қолдану Қа­зақ­станның Үшінші жаңғыруын жү­зеге асыруды жеделдетуге ықпа­лын тигізеді деп санаймын. Осы­лайша, цифр­лы қызметтердің арқа­сын­да е­лдің экономикалық саласын да­мы­туға қуатты серпін беруге болады. Томми ЛИМ, «Pacific Engineering solutions» компаниясының бас директоры (Сингапур)