• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Бірлескен іс-шаралар жоспары қабылданды

306 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Инвестиция­лар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазақ­стандық өнім экспортын ілгерілету жөнін­дегі өзара іс-қимылды күшей­ту бо­йынша Бір­лескен іс-шаралар жос­парына қол қойды. Жоспар Қазақстан Пре­­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаң­тардағы Қазақстан хал­­қына «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жол­дауын­дағы эконо­мика­лық дип­­ло­матияны жандандыру бо­йынша тапсырмаларын орын­дау мақсатында әзірленген. Экспорттық және инвес­тициялық бағыттарды ты­ғыз байланыстыру қа­жет­тілігі жоспардың тұжырым­дамасына негізделген. Бұл жайт Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан ұлттық экспорттық және инвестициялық стратегияларда қарастырылған. Жоспардың іске асырылуы әрбір тауарды өткізуге ықтимал нарықтарды терең талдауға және сұраныс дең­гейіне негізделеді. Бұл ретте, жоғары құн қосылған өнім­дерге ерекше назар аударылады. Қ.Әбдірахманов пен Ж.Қасымбек жоспардағы іс-шаралар екі министрліктің бүкіл әлеуетін іске қосуға мүмкіндік туғызады деп сенеді. Осы жұмысқа Қазақ­станның шет елдердегі меке­мелері, сондай-ақ келешек­те құрылатын «Kazakh Export» экспортты ілгерілету жөніндегі ұлттық оператор белсенді түрде тартылатын болады. Оның негізгі міндеті – отандық өндірушілерге қазақ­­стандық өнімдерді шетел­­дік нарықтарға ілгері­лету бойынша жәрдем көрсету. Сыртқы істер министр­лігі жуырда Ауыл шаруашы­лы­ғы министрлігімен де бірлес­кен жоспар қабылдаған бола­тын. Бұл құжат ел агроөнеркә­с­іп­тік кешенін инвестиция­­­лық және экспорттық бағыт­тар­да дамытудағы министр­ліктердің күш-жігерін бір­лестіру мен үйлестіруге жол ашады. «Егемен-ақпарат»