• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Ядролық сала кәсіпорындары мемлекеттік тапсырыстарды уақтылы орындап келеді

149 рет
көрсетілді

Қазақстанның ядролық ғы­лым мен техника, атом кәсіп­ор­ны әлемдік өркениеттің көш­басшылары екендігі әу бас­тан белгілі. Атомшы мамандар бүгінде Елбасының Жолдауында нақты айтылған тапсырмалар бойынша жұмыс істеп жатыр. Әрине, бұлардың барлығы жәй ғана зерттеу емес, Қазақстанның атом саласы алд­ағы уақытта дәл бүгінгідей әлемдегі бәсекелестікке төтеп бере алуы керек. 2017 жылы «Қазақстанның ядро­лық қоғамы» осы бағыт бойынша жұ­мыстарын жалғастыра бермек. Ба­с­ты мақсат – ЭКСПО көрмесіне қа­тысу. Бұдан басқа да шараларға кел­сек, «Ядролық қоғам» атом энер­гетикасы саласы мамандарына арналған халықаралық жиындар ұйымдастырып, әр елдің маман­да­рымен тәжірибе алмасуды да жал­ғас­тыр­мақ. Және болашақта оқушы, сту­дент­терге арналған ақпараттық-оқыту бағ­дарламаларын қолға алады. Бүгінде атом энергетикасы әлем­де­гі энергия тұтынудың 5 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр. Жаңадан 60 жаңа блоктар салынып жатыр де­сек, ол негізінен Азия елдерінде, атап айт­қанда, Қытай, Үндістан, Оң­түстік Корея, Түркия және Біріккен Араб Әмір­ліктері. 2016 жылдың қоры­тын­ды­сы бойынша дүние жүзінде он жаңа блок іске қосылған. Үш блок әзірше тоқ­татылып, жаңадан үш блоктың құ­рылысы басталып кеткен. Ал 2017 жыл­дың басында-ақ Қытай жаңа блокты іске қосып үлгеріпті. – Астанада біз Энергетика ми­нис­трлігімен бірлесіп, «Ядро­лық қо­ғам» құрамына кіретін «Қазатом­өнер­кәсіп» ҰК, Курчатовтағы Ұлттық ядро­лық орта­лық және басқа да елі­міз­­дегі атом өн­дірісі саласының ма­ман­дарының ба­сын қосып, конференция өткіздік, – деді «Қазақстанның яд­ро­лық қоғамы» қау­ымдастығының ат­қарушы дирек­торы Наталья Жда­но­ва. Осы «Ядролық қоғам» бұл күн­де­рі Жапония, Ресей, Франция, АҚШ ел­дерінің ядролық кооперацияларымен тығыз байланыста. «Қазақстанның ядролық қоғамы» – тәуелсіз әрі коммерциялық емес ұйым. Құрамына атом саласын Елбасы тап­сырмасымен бейбіт мақсатқа пай­далану және әрі қарай дамыту үшін заңды тұлға ретінде тіркелген көп­теген ғылыми-өндірістік мекемелер кірген. – «Қазақстанның ядролық қо­ға­мы» 1992 жылы құрылса, еліміздің әр түкпірінде бөлімдері бар. Атом энер­гетикасы бойынша құрылған Ақпараттық орталық жақсы жұмыс істеп келеді, мұның оператор-бай­ла­ныс­шылары «Қазақстанның ядро­лық қоғамы» және «Ресейдің ядролық қоғамы», – дейді Наталья Жданова. Орталықтың мақсаты, атом энергетикасы мен ядролық технологияларды мектеп оқушылары арасында на­сихаттап, балалардың техникалық білімге деген қызығушылығын арттыру көрінеді. Алғашқы жылдың өзінде-ақ Орталыққа 14 424 адам келіпті. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы Суретті түсірген автор