• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

«Барселонаның» бас бапкері қызметінен кететін болды

329 рет
көрсетілді

«Барселона» футбол клубының бас жаттықтырушысы Луис Энрике маусым соңында қызметінен кететін болды. Бұл туралы ол Испания біріншілігінің 25-турында «Спортинг» командасын 6:1 есебімен жеңген матчтан кейін мәлімдеді, деп хабарлады eurosport.ru. «Келесі маусымда «Барселонада» жұмыс істемейтінімді айтқым келеді. Маусым соңында келісімшартымның мерзімін ұзартпайтын болдым. Қазір осы шешімімді айтатын уақыт келген сияқты. Басшылық маған мұндай шешім қабылдауда асықпауымды өтінді. Бірақ маған аздаған үзіліс керек, демалғым келеді. Сол үшін клубтан кетуді жоспарлап отырмын. Команда басшылығының сеніміне, футболшылардың кәсібилігіне, жанкүйерлердің қолдауына алғысымды білдіремін», – деді Энрике. Луис Энрике каталондық клубқа 2014 жылдың мамыр айында келген. Оның бастауымен команда алғашқы маусымында-ақ Испания чемпионатында, Испания Кубогында, Чемпиондар лигасында топ жарды. Сондай-ақ, УЕФА Суперкубогына қол жеткізген. Жыл соңында клубтар арасындағы әлем чепионатын ұтып алды. 2015/2016 маусымында Ла лига мен ел Кубогында жеңіске жетті. Ал Чемпиондар лигасының ширек финалында екі матчтың қорытындысы бойынша «Атлетикоға» есе жіберген болатын. Биыл каталондық ұжым Испания кубогының финалына жолдама алды. Ақтық сында бұл жүлдені «Алавеспен» сарапқа салады. Ал Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойынында «Пари Сен Жерменнен» 0:4 болып ұтылды. Ел біріншілігінде 25 ойында 57 ұпай жинап, әзірге көш бастап келеді.