Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік компаниялар тек отандық компаниялармен бірлесіп қана жұмыс істей алады. Бұл туралы кеше Энергетика министрлігінің алқа отырысында Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
"Мұнай өндірісі жобаларына қатысуы үшін бұдан былай шетелдік компаниялар жер қойнауын игеруші отандық компаниялармен бірлескен кәсіпорын құруға міндеттеледі. Жаңа талап шетелдік компанияларға кен орны негізінде беріледі", - деді министр.
"Қазақстандағы ең ірі операторлар саналатын Теңіз, Қашаған мен Қарашығанақ осы талапты сақтайды. Батыс компаниялары енді мердігер ретінде жұмыс істей алмайды. Тек отандық компаниялармен бірлескен кәсіпорын құра отырып қана жұмыс істейді", - деді бас энергетик.
Оның айтуынша, алдағы үші жылда қазақстандық мұнай сервисі компаниялары "Теңіз-шевройлдан" 12 млрд доллар алады. Жобаны кеңейту кемінде 20 мың жаңа жұмыс орнын ашады. Ал Теңіз жобасын кеңейтудің жалпы құны 37 млрд доллар.