• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Министр Қасымов: ЭКСПО конструкциясының құлауына кінәлі – жұмысшылар

232 рет
көрсетілді

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ЭКСПО-2017 территориясындағы конструкцияның құлауына қатысты зерттеу жұмыстарының қорытындысы туралы айтты. «Бұрын металдың нашарлығынан құлады деген еді. Бірақ металл дұрыс екен. Дәнекерлеушілер жұмысты дұрыс жүргізбеген» деді Қасымов журналистерге берген сұхбатында. 2016 жылдың 16 қарашасында ЭКСПО-2017 территориясында ұзындығы 96 метрлік декоративті конструкция құлаған болатын. Бұл бөліктің құрылысын BI Group компаниясы жүргізген-ді.