• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Елбасы ұсынысын қолдады

369 рет
көрсетілді

Кеше Көкшетау қаласында Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 32-ші сессиясы болып өтті. Күн тәртібінде Ақмола облысы әкімін тағайындау туралы мәселе қаралды. Сессия жұмысына қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин депутаттар кор­пусына Елбасы Н.Ә.На­зар­баев­тың Ақмола облысының әкімдігіне Сергей Дьячен­коны қайта таға­йын­дау жөнінде ұсыныс білдіргенін мәлімдеді. Ақмолалық депутаттар Елбасы ұсынысын бір­ауыз­дан қолдады. Одан кейін облыс активінің жи­налысын жүргізген А.Мусин Ел­ба­сының тиісті Жарлыққа қол қойға­нын жеткізіп, С.А.Дья­чен­коны Ақ­мола облысының әкімі қызметіне қайта тағайын­далуы­мен құт­тық­тады. Ол Елбасы, Ұлт көшбас­шысы Н.Ә.Назарбаевтың жо­ғары сенімін абыроймен атқа­ратынына сендіріп, өңір тынысын мемлекет алға қойған тапсыр­ма­лар дең­­гейінде жандандыруға сөз берді. Актив жиналысында А.Мусин сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың атынан кезектен тыс пре­зиденттік сайлауда жоға­ры белсенділік танытып, сенім білдірген ақ­­мо­­лалықтарға алғыс сезімін жеткізді. Бақберген  АМАЛБЕК. Көкшетау.