• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

377 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.Е. Мусинді Қазақстан Республикасы   Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 13 сәуір.    № 40 * * * Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы С.Ә.Үмбетовті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындау туралы Серік Әбікенұлы Үмбетов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 13 сәуір.   № 39 _________________________ Серік Әбікенұлы ҮМБЕТОВ 1950 жылы туған, Алматы зоотехника­лық-малдәрігерлік институтын бітірген. Институтты тәмамдағаннан кейін маман­дығы бойынша еңбек етті. Алматы облысы, Күрті ауданында бас зоотехник, совхоз ди­рек­торы болды. Кеген аудандық агроөнер­кә­сіп бірлестігінің төрағасы, Күрті ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Алматы облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып істеді. Алматы және Жамбыл об­лыстарының әкімі, Қазақстан Республи­ка­сы­ның Ауыл шаруашылығы министрі қыз­мет­теріне тағайындалды. Соңғы кезде – Алматы облысының әкімі. * * * Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.Т.Мұсахановты Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Анзар Тұрсынханұлы Мұсаханов Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 13 сәуір.    № 52 ________________________________ Анзар Тұрсынханұлы МҰСАХАНОВ 1966 жылы туған, Алматы зоотех­ни­калық-малдәрігерлік институ­тын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша – мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының канди­даты ғылыми дәрежесі бар. Институтты бітіргеннен кейін Алматы облысында кеңшардың бас мал дәрігері, кейін Күрті ауданының бас мал дәрігері, Темір жол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тә­жіри­бе шаруашылығының директоры болды. Республика Ауыл шаруашылығы министр­лігінің Қарасай аудандық аумақтық басқар­масының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымдарына тағайындалды. Соңғы кезде – Алматы облысы әкімінің орынбасары. * * * ТАҒАЙЫНДАУЛАР Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов Ақтөбе облысының әкімі қызметіне; Асқар Исабекұлы Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне; Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне; Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Маңғыстау облысының әкімі қызметіне; Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев Атырау облысының әкімі қызметіне; Ахметжан Смағұлұлы Есімов Алматы қаласының әкімі қызметіне; Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды. *   *   * Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Аманжол Қазыбекұлы Жанқұлиев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне; Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметіне; Абай Бөлекбайұлы Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды.