• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Биіктерге бастайтын бес басымдық

246 рет
көрсетілді

Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауында ұлттың негізгі капиталы саналатын білім саласы мен жаңа технологияларды дамы­туға айрықша көңіл бөлін­гені ерекше қуантып отыр. Ма­ңыз­ды стратегиялық құжат­тағы 5 басымдықтың ішінде, әсі­ресе, бірінші басымдық – эко­но­ми­ка­ның жеделдетілген тех­но­ло­гия­лық жаңғыртылуына тоқтал­ғым келеді. Өйткені, бұл – біз­дің университетке тікелей қатысты. Президент 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту ісіне басымдық беріп отыр. Елбасы сөз еткен 3D-принтинг барлық жерде жұмыс істей бастауы тиіс. Бұл – әзірше Қазақстандағы ғана емес, ТМД елдеріндегі жалғыз құрыл­ғы болып отыр. Жолдаудағы жүктелген міндеттер біздің осы бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі жандандыра түсуге серпін береді деп ойлаймыз. Мемлекет басшысы Қазақстан шет ел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақ­тап қалуы қажеттігіне де ерекше тоқталды. Бұл бағытта да біз­дің университет шетелдік қор­лар­­­мен жүйелі түрде жұмыс іс­теп келеді. Бір ғана мысал ай­та­­­йын. Қазіргі уақытта Гер­ма­­ния­­­ның «Фольксваген» қоры өз қар­жыларына біздің универ­си­теттің докторанттарын оқытып жатыр. Жолдауға сәйкес, алдағы уа­қыт­та да осы тараптағы жұмыс­та­рды жандандыруды көздеп отырмыз. «Төртінші өнеркәсіптік рево­люция элементтерін жаппай енгізу керек», деді Елбасы өз Жолдауында. Бұл дегеніңіз – өндіріс пен ақпараттық техно­логия­лардың бірігуі. Мұны бүгін­де бүкіл әлем мойындайды. Көп­теген елдер қолданысқа енгізіп те жатыр. Түпкі мақсат – адами ресурстарды азайту, барлық саланы автоматтандыру. Президент Жолдауындағы бес басымдық елімізді биік белестерге бастайтынына сенім мол. Ендігі мақсат – жүктелген міндеттерді бірлесе жүзеге асыру. Жасұлан ШАЙМАРДАНОВ, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры ӨСКЕМЕН