• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2011

Жеңіске бергісіз жеңіліс

473 рет
көрсетілді

Футболдан өткен Қазақстан Кубогінің 1/16 матчында таңқа­ларлық талай нәтижелердің болғандығы белгілі. Премьер-лиганың қазіргі көшбасшысы – Талдықорғанның «Жетісуы» же­ңі­ліп қалды, еліміздің вице-чем­пионы – «Ақтөбе» де шегініс жа­­са­ды. Қазақстан чемпионы Қос­­та­найдың «Тобылы» ойын­нан шы­ғып қала жаздады. Равиль Сәбитовтің жігіттері Алматы қаласында бірінші ли­га­дағы Қорғаныс министр­лігі­нің Орталық спорт клубы – Спорт комитетінің жасөс­пі­рім­дер командасымен ойнады. Бұл ұжым чемпионатта өзіне үл­кен тапсырмалар қоймағанымен, оның басты мақсаты – шеберлер коман­дасына – Қазақстан құрама­сына жасөспірімдер мен жастардан білікті футболшылар даярлау. Жас армияшылар қажет болған жағ­дайда турнир кестесіндегі көш­бас­шылардың бірі –  «Тобыл» ко­мандасымен сайысуға дайын екен­діктерін көрсетті. Чемпионмен ашық футбол ой­нау оңай іс емес екендігін тү­сін­ген АОСК бас бапкері Олег Трофимов өз қарамағындағыларға ең бастысы қауіпті аймақтарды жа­бу­ды және қорғаныста  ұйым­шыл­­дықпен ойнауды тапсырды. Қостанайлық­тарға алаң ортасына өтуге мүм­кін­дік жасаған армия­шы­лар олар­дың одан әрі қозға­луы­на шек қой­ды. Олар Қазақстан футбол жұл­дыз­дарын тегеурінді қарсы алған­дары­мен қаталдық та­нытқан жоқ. Дегенмен мүмкіндік болған сәтте қарсы шабуыл ұйымдас­ты­рып, қарсыластарын састырғаны рас. Мұндай тактика ұзақ уақыт алаң иелеріне табыс әкелгендей болды. Дегенмен, ойынның 75 минөтінде қонақтар АОСК-нің қорғанысын бұзды. Гридиннің соққан добы есеп ашты. Жеңіс осымен келгендей болды. Бірақ армияшылар да оңай шағылатын жаңғақ еместіктерін көрсетті. Ал­ға анталамай қор­­ғанысын кү­шейтіп, қарсы шабуыл ұйым­дас­тырып бақты. Негізгі уақыттың аяқталуына бес минут қалғанда алматылықтар есепті теңес­тір­ді. Есеп – 1:1. Қо­сымша уақыт кезінде армия­шылардың ша­буы­лы тіптен күшейе түсіп, «Тобыл» қақпа­шысын қақпа­ның көлде­нең ағашы құтқарып қалды. Бұдан соң онбір метрлік айып добын соғу басталды. Біразға де­йін жеңімпаз анық­талмады. Ақы­рында «Тобыл» 5:4 есебімен же­ңіске жетіп, АОСК кө­рер­мен­дердің қоше­метіне бө­ленді. Дастан КЕНЖАЛИН.