• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

354 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қ.Ә.Мәмиді Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты қызметіне тағайындау туралы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 15 сәуір.    № 56 _________________________ Қайрат Әбдіразақұлы МӘМИ 1954 жылдың 9 мамырында туған. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. 1981 жылғы тамыздан 1990 жылғы қарашаға дейін Атырау облыстық сотында тәлімгер, об­лыстық соттың судьясы, төраға орынбасары, төрағасы болды. 1990 жылғы желтоқсаннан 1993 жылғы мамырға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі. 1993 жылғы сәуір мен 1995 жылғы қараша аралығында Ал­ма­ты қалалық сотының төр­ағасы. 1995 жылғы қараша мен 1999 жылғы ақпан аралығында Қазақ­стан Республикасы Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөнін­де­гі сот алқасының,  Жоғарғы Сот төраға­сының міндетін атқарушы. 1999 жылғы ақпан мен 1999 жыл­ғы та­мыз аралығында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Әділет вице-министрі. 1999 жылғы тамыз бен 2000 жылғы қыркүйек аралығында Пре­зидент Әкімшілігі Басшы­сы­ның орынбасары – мемлекеттік-құ­қықтық бөлімнің меңгерушісі. 2000 жылғы қыркүйек пен 2009 жылғы сәуір аралығында Қа­зақ­стан Республикасы Жоғар­ғы Со­тының Төрағасы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің 2009 жылғы 3 сәуір­дегі Жарлығымен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Бас Прокуроры қыз­ме­тіне тағайындалды. 2011 жылғы 15 сәуірде Қа­­зақ­стан Республикасы Прези­денті­нің ұсынымы бойынша Қазақ­стан Рес­публикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сай­ланды. 1995 жылы заң ғылым­да­ры­ның кандидаты  болды. 2004 жылы «Қазақстан Республи­ка­сын­дағы конституциялық заң­дылық пен сот билігі: негізгі тенденциялар мен басымдықтар» атты тақы­рып­та докторлық диссертация қорғады. Профессор (2005 ж.). «Парасат» орденімен (2003 ж.), «Қазақстан Конститу­цияс­ына 10 жыл» (2005 ж.), «Қа­зақстан Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Астананың 10 жыл­ды­ғы» (2008 ж.) мерекелік ме­дальдарымен марапатталған. Қазақстан мен Ресей ара­сын­дағы халықаралық ынтымақтас­тық­ты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін 2007 жылы Ұлы Петр орденімен марапатталған. * * * Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Н.Әбіқаевты  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 15 сәуір.    № 57 * * * Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.Қ. Дауылбаевты  Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындау туралы Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 15 сәуір.    № 58 ______________________________ Асхат Қайзоллаұлы ДАУЫЛБАЕВ 1962 жылы туған. Свердлов заң инсти­тутын бітірген, заң ғылымдарының кан­ди­даты, 3-сыныпты әділет мемлекеттік кеңес­шісі сыныптық шені бар. Институтты бітіргеннен кейін Алматы қаласының прокуратура органдарында жұ­мыс істеді. Октябрь ауданы проку­ра­тура­сының тергеушісі, Калинин және Октябрь аудандары прокурорының орынбасары, қала прокуратурасының бөлім бастығы болды.  Алматы қалалық төрелік сот төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның жалпы қадағалау басқармасының бастығы лауа­зым­дарында қызмет атқарды. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Әділет вице-министрі  қызметіне тағайындалды. Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты, Достастық елдері Парла­мент­аралық Ассамблеясының Құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды. 2001 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Бас Про­курорының орынбасары.