Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаулысы
2011 жылғы 15 сәуір №864-IV ПС Астана, Парламент Сенаты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасын сайлау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулы етеді:
Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайлансын.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары М.КӨПЕЕВ.
* * *
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаулысы
2011 жылғы 15 сәуір №866-IV ПС Астана, Парламент Сенаты
Б.А.Бекназаров туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулы етеді:
Бектас Абдыханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне сайлансын.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.МӘМИ.