Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өкілеттігі тоқтатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әбдіразақұлы Мәми басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімдерімен мыналар атқарған қызметтерінен босатылды:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен:
Алина Өтемісқызы Алдамберген;
Мұрат Байсынұлы Байсынов;
Қуат Бәкірұлы Қожахметов;
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен:
Шыңғыс Сержанұлы Қанапиянов;
Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісов.