• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2011

Ынтымақ ұйыған шаңырақ

514 рет
көрсетілді

Облысты мекендеген 90-нан астам ұлт тату-тәтті өмір сүруде. Қазір облыста он сегіз ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Олар ұлтаралық татулық пен бірлікті, тұрақтылықты қалыптас­тыруға өзіндік үлестерін қосып келеді. Этномәдени бірлестіктер облыс көлемінде өткізілетін ша­ра­ларға тұрақты түрде қатысады. Бұл орталықтар Елбасының би­ылғы Қазақстан халқына Жол­дау­ын шалғайдағы елді мекен тұр­ғындарына түсіндіруде ауқым­ды жұмыстар атқаруда. Олардың үстіміздегі жылы өткізетін бар­лық мәдени шаралары ел Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына арна­лып отыр. Облыс басшылығы та­ра­пынан этномәдени бірлестіктерге әр кезде қолдау көрсетіліп келеді. Бұған 2008 жылы пай­далануға берілген «Достық» үйі дәлел болады. Қазір бұл ғимарат көптеген ұлт­тардың басын біріктірген ын­тымағы берік шаңырақ. Сондай қолдау-көмектің бірі – ұлттық-мәдени орталықтарға жыл сайын берілетін 75 мың теңге көле­мін­дегі облыс әкімінің гранты бо­лып табылады. Жақында облыс әкімі Елеусін Сағындықов бар­лық этномәдени бірлестіктер жетекшілеріне гранттарды тап­сы­рып, олардың татулықты нығай­ту, тілді, ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетті дамыту жолында ат­қарған жұмыстарына алғыс ай­тып, алда да шығармашылық та­быс тіледі. Өз кезегінде «Қазақ­стан корейлері қауымдастығы» республикалық бірлестігі Ақтөбе филиалының төрағасы Константин Цхай, «Святло» поляк этно­мәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Цыбульская мен «Эллада» грек этномәдени қо­ғамдық бірлестігінің мүшесі Анастасия Тайлахиди елімізді мекендеген барлық ұлттардың тілін, мәдениеті мен салт-дәс­түрін дамытуға жағдай туғызып, оларды қолдап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғысын білдірді. Елбасының пре­зиденттік сайлауда басым­дық­пен ­жеңіске жетуі Нұрсұлтан Әбішұлының халық алдындағы беделінің жоғары екенін көрсет­кенін мақтанышпен жеткізді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.