• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2011

Аяулымның алар биігі әлі алда

549 рет
көрсетілді

Өскемендік он жасар Аяу­лым Әміреновамен ойда жоқ жер­­де та­ныстық. Наурыздың соң­­ғы күн­де­рінде Өскеменнің іргесіндегі та­би­ғаты тамыл­жыған «Алтай альпісі» спорт­тық де­ма­лыс база­сында фристайлдан Қа­зақ­стан чемпио­наты өтті. Күні ке­шегі Азия ойындарын­да топ жарған жерлестеріміз тағы да қарсы­лас­тарын шақ келтірмей ал­тын­нан алқа тақты. Ал дүбірлі жа­­рыс­тың алдында он-он екі жас­тағы жасөспірімдер ара­сын­да ел чемпионаты өткен болатын. Міне, Қазақстан Республи­ка­­сы­ның І қысқы жастар ойын­да­рында өскемендік талапты қыз Аяу­лым Әміренова фрис­тайлдың могулдан жұптасуда алтыннан алқа тақса, фристайл-могулда ек­інші, ал фристайл-акробатика спорт түрінен үшінші орынды иеленді. Бір жылда қатарынан үш бірдей медаль алу кез келгеннің маң­да­йына бұйыра бермейтін бақыт. «Алтай альпісі» тау шаң­ғысы базасындағы биіктігі бір мың метрлік биік шыңға жыл­дам кө­те­ріле­тін қанатты жол салуға Өс­кемен қа­ласы­ның әкі­мі Ислам Әбішев жағ­дай жа­сады десек ар­тық айт­қан­дық емес. Жеке кә­сіп­кер А.Чи­ликин мен қалалық әкім­дік өзара келісімге қол жеткізіп, нәти­же­сінде пай­дала­нуға берілді. Қа­зір ол өскемен­діктер­дің сү­йік­ті орнына айналған. Рес­пуб­лика­лық облыстық жа­рыс­­тар­дың барлығы осы жерде өткі­зіле бастады. Аяулым биік шыңға кө­те­рілді де, төмен қа­рай жұл­дыз­­ша зымырады. Шы­нашақтай қыз­дың батыл­дығына риза болдық. – Қызымыз өжет, төрт жа­сында шаңғыға тұруды үйрет­тік. Бастап­қыда спорттың бұл түрін тастап кететін шығар дегенбіз. Жоқ, қай­сарлығы шы­ғар, алты жасында спорт­тың ең күрделі түрі – фрис­тайлды үйренсем деген құштарлық пайда болды. Сергей Аксенов деген бапкерге тапсырдық. Мі­не, алты жылдан асып ба­рады, фрис­тайлдың басқа түр­леріне де қызы­ғушылық та­ны­туда, – дейді Аяу­лым­ның әке-шешесі Серік пен Гауһария Әмі­реновтер. – Аяулымның ата-анасы Серік пен Гауһарияның қыз­дарын биік белестерге шығару жолын­дағы ерік-жігері бізді қуантады. Серіктің Зайсан ау­данында «Әмі­рен» шаруа қо­жалығы бар. Ша­руасының бар­­­лы­ғын ысырып тас­тап қы­зының спортта биік белестерге шығуы үшін зайыбы Гау­һариямен бірге жанында бо­луы шынында да құп­тарлық іс. Тіпті екеуі Аяулымды Ал­матыда өткен Азия ойын­дарына ертіп барды. Ондағы мақсаттары белгілі, Табаған­дағы фристайл жа­рыстарын өз көзімен көрсе, тә­жірибелі спортшылармен жақын болса деген қадам шығар. Тү­бінде Аяулымның әлем чемпио­на­тында топ жаруы мүмкін. Әри­­не, ол үшін тәжірибені шыңдай түсу қажет дейді, – бізбен бірге тау шаңғысы базасында болған Марат пен Гүлмира Орманбетовтер. – Аяулымның бойындағы қай­сарлық, келешекке кемел се­німмен қарайтын үміті қуан­­тады. Қа­­зақ қыздары арасынан еліміз тәуел­сіздік алғалы бірде-бір Олимпиада чем­пионы шық­паған екен. Ендеше Аяулымға сәт сапар тілеп, Олимп шыңына шы­ғуға ба­тамызды береміз. Еліміз­дің көк байрағын аспандата әуе­лете бер, – деді орайы келген сәтте «Егемен Қазақ­стандағы» әріптес ініміз Жақсыбай Самрат. Ал Аяулымның бапкері Сер­­гей Павлович болса шәкіртінің қазіргі аяқ алы­сына риза­шы­лы­ғын білдіре отырып, әлі де көп іздену қажет­тігін айтады. Қазір қа­зақ балалары фристайл тау шаң­ғысы үйірмеле­ріне аздап бол­са да келіп жатыр. Соның бірі – жеті жасар Орынхан Мұ­қатаев екен. Басқа қара­дома­лақтар да спорт­­­тың осынау күрделі түрін меңгер­сек деген құл­шыныс танытуда. – Өскемендегі №3 мектеп-гим­назияның төртінші сыны­бын­да оқи­­мын. Мектеп дирек­торы Е.Әкіт­баев спорт­тың өркендеуіне ерекше көңіл бө­леді. Қала мектептері арасын­дағы спорттық жа­­рыстарда мектеп түлектері үне­­мі ал­дыңғы орындарға ие болуда. Ал арманым Әлем чемпио­ны атану, – дейді өршіл қыз Аяулым Әміренова. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен. –––––––––––––––– Суретте: Аяулым Әміренова чемпион атанғаннан кейін.