Жексенбіде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев астаналық жаңа опера және балет театрының құрылысы барысымен танысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі И.Тасмағамбетов Президентке жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Театр жобасы классикалық үлгіде орындалған. Көрермендер залы 1250 адамға есептелген. Сахна алаңы – 768 шаршы метр. Жаңа театр Орталық Азиядағы ең үлкен өнер ғимараты болмақ.