• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2011

«Нива», «Нексия» және «УАЗ»

405 рет
көрсетілді

Полицейлерге 130 автокөлік кілті тапсырылды Халықтың тыныштығы аталған сала қыз­мет­керлері – полицейлердің қырағылығы мен кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Әрине, осы қағи­далармен қатар, оларға жасалған қамқорлық­тың да берері мол. Атап айтар болсақ, бұл жа­ғы­нан облыстық ішкі істер департаментінің ұжымы кенде емес. Өткен жылдан бері полицейлерге 500-ден астам жаңа автокөліктердің кілті беріліп, тұрмыстық жағдайлары шешімін тауып келеді. Тіпті, елді мекендердегі телімдік полицейлер баспанамен де толық қамтылуға жақын. Сондай-ақ, қызмет кезінде аса қажетті рация, тағы басқа тех­никалық құ­рал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Күрежол бойларына бейнетаспа орнатыл­ғаны да жолаушыларға деген қамқорлық деуге болады. Жақсы іс қатары толығып, облыс бас­шылығы полицейлерге 130 «Нива», «Нек­сия», «УАЗ» автокөліктерінің кілтін сал­та­натты жағдайда тапсырды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.