«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар тасымалы саласына халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған инновациялық жобаларды енгізу мақсатында темір жол билеттерін төлем терминалдары арқылы сату жобасын жүзеге асыруға кірісті. Аталған қызмет түрі халыққа төлем терминалдары арқылы темір жол көліктерінің қызметі туралы толық ақпарат алуға, сонымен қатар жолаушыға пойыздың қажетті бағытын таңдап, нақты ақшаға билет сатып алуға мүмкіндік береді.
Жоба мемлекет жеке меншік серіктестігі негізінде жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде, инвестор Қазақстан аумағында терминалдар жүйесін орнату жауапкершілігін өз мойнына алады. Терминалдар арқылы билет сату 2011 жылдың 3 тоқсанында жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
Бұл жоба қолайлылық деңгейін арттыруға және жолаушылар тасымалы қызметінің қолданысын кеңейтуге мүмкіндік береді.