Неміс концерні жаңа электромобильдерін дамыту жоспарын жариялады. 2025 жалға қарай Volkswagen Group автоконцерні Volkswagen, Audi, SEAT, Skoda және Bentley маркаларының 30 түрлі электромобильдерін шығарады, деп жазады Seeking Alpha.
Сонымен қатар 2018 жылы нарыққа 10 электромобиль шығарылады деп жоспарлануда.
Одан кейін сатылымға Porsche Mission E мен Audi e-tron сериясының жаңа модельдері жол тартады. Олардың барлығы электромобильдер үшін жасалған арнайы платформамен қамтылады.