• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Наурыз, 2017

Еуроодақ Facebook пен Twitter желілеріне айыппұл салуы мүмкін

183 рет
көрсетілді

Facebook, Google және Twitter желілері өз қызметтерін 1 ай ішінде еуропалық стандарттарға сәйкестіндірмесе, Еуроодақ бұл компанияларға айыппұл салады, деп жазады Reuters.

Агенттіктің хабарлауынша, 2016 жылдың желтоқсанында компанияларға олардың кейбір қызметтері еуропалық тұтынушылар құқығын қорғау заңдарына қайшы келетіні туралы айтылған. Бірақ компания өкілдері бұл туралы әлі пікір білдірмеген.

Еуроодақ аталған компания өкілдерімен кездесіп, мәселені шешу жолдарын қарастырмақ. Егер Еурокомиссия талаптары орындалмаса, компанияларға айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар