• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 18 Наурыз, 2017

Қанат Ислам: Көрме кезінде қазақ боксының биік мәртебесін дәлелдеу бізге міндет

264 рет
көрсетілді

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам Астанада өтетін бокс кешінде чемпиондық атаққа таласады, деп жазады Vesti.kz порталы.

«Біздің осылай шет елде жаттығу жасап, жарыс өткізіп жүргеніміздің барлығы еліміздегі береке мен бірліктің арқасы, Тәуелсіздіктің жемесі дер едім. Желбірететін туың болмаса, шырқататын әнұраның болмаса бізге бокстасудың не керегі бар? Сол үшін елдің, жердің амандығы ол бірінші орында. Елбасымыздың қаншама спорт ареналарын салып, елімізде де еркін жаттығуымызға, жарыстар өткізуімізге мүмкіндік жасап берді. Қазір әр қалада үлкен спорт кешендері мен байрақты бәсекелер өткізетін ареналар бар. Спортшыға бұдан асқан қандай қолдау керек?

Міне, 9 қыркүйекте ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елімізде тағы бір кәсіпқой бокс кеші өтпек. Бұл жолы да арена жанкүйерлерге толы болатынына сенемін. Астанада өтетін жекпе-жектің мен үшін жауапкершілігі өте жоғары. Жақсылап дайындалып, қазақ еліне тағы бір жеңіс сыйлаймын деп ойлаймын. Қыркүйекке дейін мамыр айының соңында АҚШ-та тағы бір жекпе-жек жоспарланып тұр. Сол жұдырықтасудан соң, Астанада өтетін бокс кешіндегі қарсыласым анықталып, сарапқа салынатын белбеуді естіп қаларсыздар. Бізге түрлі ұсыныстар түсуде. Қазір менің командам қызу жұмыс істеп жатыр. Көрме кезінде Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен жүзмыңдаған туристер келеді. Сол туристерге қазақ елінің боксшыларының деңгейін көрсетіп, әлем алдында мәртебелі екенін тағы бір дәлелдеу бізге міндет!», — дейді Қанат Ислам.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 18 ақпан күні АҚШ-та бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Соңғы жаңалықтар