Босния және Герцеговина ұлттық құрамасы мен австриялық «Рапид» футбол клубының 24 жастағы жартылай қорғаушысы Срджана Граховац «Астанаға» жалға берілді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Келісімшарт бойынша «Астана» командасы Срджана Граховацты бір маусымға жалға алды.
Айта кетейік, ол 2016/17 маусымда Австрия чемпионатында 21 ойын өткізіп, 2 гол соққан жəне Еуропа лигасында 9 ойын өткізген болатын. «Рапид» ұжымында 2014-2017 жылдар аралығында 67 ойынға қатысып, төрт гол соқты. Ал ұлттық құрама сапында 6 ойын өткізген.