Әжемнің көргенде аппақ кимешегін, Ерек бір еркебұлан күй кешемін. Жайылған мейірімдей ақ жаулыққа, Астасып ақ көңілмен үйлесемін. Кимешек – киесіндей салтымыздың, Ақ жаулық – пейіліндей халқымыздың. Арындай қазағымның әжелер-ай, Жанына ең жақыны жалпымыздың!
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»