• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2017

Алматыда қар көшкіні болды

450 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда Шымбұлақтың №22, №5 қар көшетін тау бөктерінде 18 наурыз күні сағат 10-шамасында қар көшкіні болғанын хабарлады. Табиғи құбылысты бақылаған ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері көшкен қар Кіші Алматы өзеніне жетпей Іле Алатауының бөктерінде тоқтағанын айтты.

Көшкен қардың ауқымы 400 текше метр. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ1, — деді қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ТЖД 18-19 наурыз аралығында Алматы облысындағы тау бөктеріне қалың қар түскенін, сондықтан қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескерткен болатын

Соңғы жаңалықтар