Lexus седан көліктерінің өндірісі 2018 жылдан кейін тоқтайды, деп жазады kolesa.kz.
Басылымның ақпаратына сүйенсек, Lexus компаниясы GS моделінің өндірісін тоқтатпақ. Оған себеп жаңа LS көліктерінің пайда болуы.
Айта кету керек, Lexus GS көліктерінің қазір халі мүшкіл. Бастапқыда-ақ бұл көліктің шығарылуына Toyota компаниясының президенті Акио Тойода қарсы шыққан еді.