• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2011

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі

351 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрінің орынба­са­ры генерал-майор Талғат Жанжүме­нов­тің төрағалығымен Қазақстан мен Түркия арасындағы қорғаныс өн­ер­кәсібі саласындағы ынтымақ­тас­тық мәселелері бойынша төртін­ші отырыстың қорытындысы шыға­рылды. Екі күндік отырысты қорытын­ды­лаған генерал-майор Т. Жанжү­ме­нов Түркия Қазақстанның қорғаныс са­ла­сындағы басты әріптесі екенін баса айтты. Сонымен қатар, екі ел ара­сындағы әскери-техникалық әріп­тес­тікті жоғары әрі сапалы деңгейге кө­терудің маңыздылығына тоқталды. Меймандарды бастап келген Түр­к­ия Ұлттық қорғаныс министрі ор­ынбасарының технология және үй­лестіру жөніндегі кеңесшісі генерал-лейтенант Н. Көкмен қазақ­тың дәс­түрлі қонақжайлылы­ғы­на ризашылы­ғын жеткізді. Сондай-ақ, екі ел қор­ғаныс өнеркәсібі саласындағы жұ­мыс­тарды одан әрі жалғастырып, Қа­зақстан аумағында бірлескен кә­сіп­орындар салудың маңызды­лығы­на тоқталды. Тараптар 2012 жылы өткізуге жос­парланып отырған бесінші оты­рыста Түркияда кездесуге келісті. «Қазақстан инжиниринг» АҚ са­рапшылары мен Түркия компа­ния­ла­ры өкілдері жуырда кездескен бола­тын. Оксана ПАРПУРА.