«Бақылаудың осы түрінің тетіктері «рейдтік» тексерістерді тұтынушылардың өзіне беруге жол ашады. Енді өнімді сатып алушы сатармандардың арасында орынды іріктеуді өздері жүргізеді», — деді Сұлтанов.
Бұған қоса, министрлiк е-аудит бақылау жүйесiн енгiзбек. Жүйенi iрi салық төлеушiлер үшiн 2019 жылдың 1 қаңтарында енгiзу жоспарланған.
«Қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік қаржыны – кірістер, мемлекеттік сатып алу және жекешелендіру бағыттары бойынша жаңғырту барысында ауқымды жұмыс жүргізуде. Бағыттарды іске асыру жалпы ішкі өнімнің салық сыйымдылығын кеңейту, бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту, сыртқы сауда айналымын жылдамдату, экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, мемлекеттік бюджет шығыстарының бір бөлігін, мемлекеттік-жекеше әріптестік қағидаттарын қолдана отырып, бәсекелес ортаға беру мүмкіндігі қаралуда. Осы шаралардың арқасында біз белгілі бір мерзім ішінде бюджетке айтарлықтай «босатылған» шығыстар алуды жоспарлап отырмыз. Олар білім мен ғылым және ғылымды қажет ететін салаларды дамыту арқылы адами капиталды дамытуға қайта бағытталатын болады», — дедi Қаржы министрi.