• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әдебиет 24 Наурыз, 2017

​Наурыз жыры

800 рет
көрсетілді

Күнге сәлем бердің бе, көшпелі жұрт, Көлігіне қос артты кестелі бұлт.

Күнге сәлем бердің бе, көшпелі жұрт,

Көлігіне қос артты кестелі бұлт.

Дүбіраяқ дүрліккен дүниеге,

Түйіншектен шашылды дестелі мүлік.

Самарқанның көк тасы көңілшек мұз,

Енді жеткен жыл құсы еріншек қыз.

Он үш жасар Алаша отауға еніп,

Көкжиектен көк түрік көрінсек – біз.

Екі өркеші ойсылдың Ай менен Күн,

Төбесінен қарғиды тай көгеннің.

Қырау көйлек жеңінен сығалайды,

Айқыш-ұйқыш теңелген бай менен күң...

Шаңырақты-Күн-Ие уығы – нұр,

Үрсе үсітпес құралай суығын үр.

Тақырға асық тігіліп қоңқар қырда,

Алтыбақан аузында қу үні дүр!

Өлі шөптің мүрдесін өртеңге үйіп,

Сал-сал қимыл ат ауып, серпер ме иық?

Балбал тастың бетіне күлкі үйіріліп,

Саумал қымыз сарқытын ертең құйып...

Мыңжылдықтың мұрасын артып ұлыс,

Күнге сәлем береді қартым-ырыс.

Қонақ келсе ақ әже абдыраған,

Әбдіреден алдырып алты пүліш...

Сері түскен үй әнді қыр асырар,

Қасат қардың үрпісі гүл ашылар.

Ұнға тыққан телшікті Ұмай асып,

Қынға тыққан қылышты ұл асынар!

Ұлы мейрам басталып көшпелі елде,

Көкпар тартып жатады дос дөненде.

Ескен самал ұқсайды еспегенге,

Кешкен жалған ұқсайды кешпегенге!

Мирас АСАН

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар